Анықтамалар



бет13/17
Дата27.11.2023
өлшемі428,9 Kb.
#128645
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ОРМАНШЫЛЫК КУРСОВОЙ ОБРАЗЕЦ 2023

Санитарлық кесулер – орман жағдайларын жақсарту мақсатындағы кесулер, ол кесу жұмыстарында ауырған, зақымданған және қурап қалған жеке ағаштарды немесе бүкіл ағаш бітімін алып тастайды. Ағаш бітіміндегі санитарлық кесулер, өздік іс-шаралары сияқты негізгі күту кесулерінің бір түрі уақытында жасалмаған кезде, көп жағдайларда зиянды жәндіктер мен саңырауқұлақ ауруларының ошақтары пайда болған кезде, көп жағдайларда зиянды жәндіктер мен саңырауқұлақ ауруларының ошақтары пайда болған кезде, санитарлық кесулердің тапсырмалары да қоса жасалынады. Бірақ мұндай санитарлық жағдайларына қанағатсызданатын ағаш бітімдері болады, оларға міндетті түрде көптеген ауруларға және зиянды жәндіктердің көбінесе көбеюіне қарсы белгі беретін санитарлық кесулер тағайындалуы тиіс. Ол екпелерді сауықтыру үшін және келешекте жақсы сүрек алу үшін өте қажет. Санитарлық кесулерді іріктемелі және тұтас деп 2-ге бөледі. Іріктемелі санитарлық кесулер ағаш бітімінің барлық жас класстарында жасалады. Олардың ішінен жел сұлатпаларға, сұламаларға, қар сұлатпаларға ұшыраған, суалу кезіндегі және өліп қалған ағаштарды іріктеп, сонымен қатар саңырауқұлақ ауруларымен зақымдалған және зиянды жәндіктермен жауланған ағаш даналарын кеседі. Өндірілетін ағаш бітімдерінің сапасын түсірмейтін негізгі белгілерінің бірі іріктелмелі санитарлық кесулерден кейінгі ағаш бітімдерінің толықтығы болып табылады. Кесілген ағаштар орта жастағы ағаштардың толықтығын кем дегенде 0,7-ден артық, ал пісіп келе жатқан және пісіп болған ағаш бітімдерін кем дегенде 0,6-дан артық төмендетпеуі тиіс.
Тұтас санитарлық кесулер- бұл кесулерді өртке шалдыққан екпелерде, жел сұлатпаларға және сұламаларға ұшыраған орман аймақтарында, сонымен қатар діңдердің 40% -нан астамын зиянды жәндіктер мекендеп алған ормандарда жасалады. Мұндай ағаш бітімдерінде іріктемелі санитарлық кесулерін жүргізу экономикалық жағынан тиімді емес және орман шаруашылығында қолайлы емес, себебі мұндай кесулер кезінде тым қатты кескіленген екпелер айтарлықтай көптеген қорғаныс қасиеттерін жоғалтады және ол өз кезегінде орманның сапа көрсеткіштерін төмендетеді.
Ағаш бітіміндегі бұталарды кесу бұл ең жақсы ағаштарда жасалатын күту кесулері, ол кесулер ағаш діңдеріндегі бұталар мен ұштар басының төменгі бөліктерін кесу арқылы жүзеге асырылады. Бұл кесулер орман ағаш сапасын жоғарлату үшін және бұтасыз сүректерді көбірек алу үшін, өрт қауіпін төмендету үшін өте қажетті бұталар мен сабақтарды кесу жұмыстары көбінесе жоғары қарқындылықты шаруашылықтарды немесе арнайы тағайындалған плантанцияларда өсірілетін құнды техникалық сүрек сортименттерін алу мақсатында жүргізіледі. Күту кесулерінің бұл тәсілін ең жақсы ағаштарда 15....20 жата діннің өсуіне қатар, қабығы сыдырылмайтын етіп кеседі. Бұталарды кесу жұмыстарын жақсы көретін ағаш тұқымдастар, қылқан жапырақтылардан киіз жапырақтылар, ал жапырақтылар ішінен – емен, бүк ағашы, жөке, қайың және терек болып табылады. Бұталар мен сабақтарды кесу көп еңбектенуді және өте қымбатқа түсетін іс - шаралардың бірі, сондықтан ол жұмыстарды жоғары сапада жасау керек.
Майда тоғайларды жаңғырту – майда тоғайды келешекте кесудің бұл түрін көбінесе Ресейдің орманды- далалы және далалы аймақтарында жүргізеді. Майда тоғайды жаңғырту жұмыстары орманның климатпен топырақ қорғау қасиеттерін жоғарылатады Бұта тұқымдастарын күзде немесе ерте көктемде тамыр мойны деңгейінен кесіп тастайды, оның ұйқыдағы немесе бүрлерінен жас өскіндер өсіп шығады.
Ашық алаңды күту, яғни бұл жұмыс 200 м болатын ашық алаң шекарасымен бойлай орналасқан орман жолақтарында жүргізіледі. Оны жоғары қарқынды шаруашылықтарда мынадай ең басты мақсаттарды көздейді, олар: орман бітімдеріндегі болатын сұлатпалардың алдын алу, олардың су қорғау функцияларын күшейту және әсемдік және рекреациялық қасиеттерін жақсарту. Ашық алаңдарды күту, алуан түрлі белгілі бір пайдалы функцияларды орындайтын ағаш құрамын өсіруді көздейді. Ол мақсат ашық алаңдарды бірқалыпты кесу арқылы, яғни жағымсыз, жел сұламаларды, суалу кезіндег және т.б. екпелаердің әсемділігі мен төзімділігін төмендететін ағаш түрлерін кесіп тастау арқылы жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет