1 – МӘТІН. БАҚЫТ Ерте, ерте, ертеде жайқалған үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала үнемі сол алма ағашының көлеңкесінде ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ер жетіп, ағаштың көлеңкесінде көп ойнамайтын болды. Бір күні бозбала көңіл күйі болмай, алма ағашына келеді.
Менімен ойнашы, – деп өтінеді ағаш.
Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін. Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ, – деп жауап береді жігіт.
Бозбала қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, тағы да ұзақ уақытқа жоқ боп кетеді. Бірер жылдан соң ғана қайтып келеді. Кешегі бозбала ендігі азамат болды. Ағаш оны көріп қатты қуанады.
Менімен ойнашы! – деп өтінеді ағаш.
Ойынға еш уақытым жоқ. Жұмыс істеуім керек, балашағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба? – Кешір... Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады...
Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам тағы да ұзақ уақытқа көрінбей кетеді. Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың жанына келеді.
Ағаш:
Досым,кешір. Саған беретін еш нәрсем қалмады. Алма да жоқ...
Керегі де жоқ. Алма жейтін тісім де қалмады, – дейді адам. Ағаш:
Саған ешбір нәрсемен пайдалы бола алмайтыным мені қатты мұңайтады. Бар қалғаны – кәрі, қурап бара жатқан тамырларым ғана, деді ағаш мұңайып.
Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса, болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты, – деді адам.
Кәрі ағаштың тамырлары – демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой, – дейді кәрі ағаш. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп, тағы бір қуанды.