Анықтамалар



бет3/17
Дата27.11.2023
өлшемі428,9 Kb.
#128645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ОРМАНШЫЛЫК КУРСОВОЙ ОБРАЗЕЦ 2023

Орман таксациялау- орман ресурстарың соның ішінде кесу көзделетін екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау , есепке алу , бағалау, жөніндегі іс-шаралар.

  • Орманшылық- орман иеленушілер өз шекарасында орналасқан, оран шаруашылығы іс-шараларын жоспарлау мен орындауға, орма пайдалану көлемін есептеуге арналған құрлымдық бөлімшесі.


    Қысқартылған сөздер:

    ТТС- Тюменская транспортная система


    ЖС -
    ЖГ -
    ЭҚПЕ -
    ОЖМ - Ормандағы жанғыш материалдар
    Дж - Джоуль өлшем бірлік
    кДж – килоджоул өлшем бірлік
    ҚазОШАҒЗИ -
    ММ – Мемлекеттік мекемесі
    га – гектар
    км – километр
    м – метр
    т.с.с. – тағыда сол сияқты
    т.б. – тағы да басқа
    ҚР – Қазақстан Республикасы


    Кіріспе
     «Орман — халықтың тіршілік көзі һәм байлығы.»
    Мұхамбетқазы Меңдібаев

    Өсімдік ресурстарының бастысы – орман. Ол жер шарындағы биологиялық активті оттегінің 60 процентін береді. Оның көмегімен (т.б. экологиялық жүйелердің қатысуымен) атмосферада оттегі тұрақты болады, осының арқасында 2 млрд. жылдай біздің планетамызда өмір жалғасып келе жатыр. Орта дәрежеде бір ағаш 24 сағат ішінде үш адамның бір тәулікте демалуына жететін оттегі бөліп шығарады. Орман адамға керекті шикізат – ағаш береді. Ол үй тұрғызуда, кеме, ауыл шаруашылығында, машина жасау өнеркәсібінде, темір жол транспортында (шпал, вагон), ағаш ыдыстар жасауда пайдаланылады.


    Ағашты басқа синтетикалық материалдармен ешқашан алмастыруға болмайды. Орманда өсетін ағаштар қағаз, спирт, скипидар, канифоли, глицерин, кір жуғыш нәрселер, смола, жидек ашытқыштар, эфирлы майлар алатын шикізат болып табылады. Ағаштан 20 мыңнан аса әр түрлі бағалы нәрселер өндіруге болады. Ормандарда ауыл шаруашылғы аңшылық ұйымдастырылады, көптеген бағалы шипалы өптер жиналады, жеміс-жидектер дайындалады.
    Орманның ауасында адам денсаулығына қажетті жеңіл иондар болады. Соның арқасында орманда демалған адам салқынға көп берілмейді, олардың қан құрамы жақсарады, қанның қысымы төмендейді, шаршағаны басылады, дәлірек айтқанда орманда демалғаннан кейін еңбек өнімділігі артады. Орманның төбесінен өткен су сүзіліп, тазарып шығады, ол лабораторияда сүзгіштен өткен судан артық болады. Орманның далада қар ұстау үшін де маңызы зор. Орманның көмегімен жел және су эрозиясының орын алуына жол берілмейді, осының аркасында топырақтың тұзданып кетуіне тойтарыс беріледі. Ормандарда қар еру процесі ақырын және біркелкі жүретіндіктен қар суымен тасқынның болуына мүмкіндік жоқ, еріген су жерге ақырын сіңіп үлгереді, оның құнарлылығын көтереді, одан асқан су өзендер мен көлдердің деңгейін толтырады. Осыдан көріп отырғанымыздай, орман адам өмірінде, экономикада сан қилы роль атқарады.
    Орман түсінігі көп қырлы. Орман биосфераның құрамдарының бір бөлігі болып есептелінеді, жер шары өмірінің белсенді орны болып құралады, өйткені құрамы, құрылымдары тірі ағзалардың тіршілігімен байланысты; географиялық ландшафттың элементі ретінде оны орман ауқымы және орман қоры және т.б. құрастырады.
    Орман шаруашылығының негізін қалаушы Г.Ф.Морозов орманға жан-жақтық түсінік берген, яғни орман тек ағаш өсімдіктерінің бір-біріне әсер етумен емес, ал топырақтың және ауаныңқұбылыстарымен жаңа өзгерістер әкеледі. В.Н.Сукачев орманды ормандық биогеоценоз (грек. Био-өмір, гео-жер, ценоз-жалпы) ретінде қарастырған, яғни барлық тіршіліктің, топырақтың, жалпы дамудың әсерімен болатын өзгерістер ретінде.
    Қазақстан Республикасының Орман кодексінде орманға келесі түсінік берілген. «Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен» [1].
    Орманның адам мен биосфера үшiн маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсiмдiк жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуiне ықпал етедi. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдердi қоректендiредi. Орман аң мен құстың мекенi, дәрi дәрмектiң өсiмдiктер мен жемiс-жидектердiң панасы әр қолайлы тiршiлiк ортасы болып табылады.
    Ормандардың егiстiк алқаптарын қорғаудағы да рөлi зор. Орманды жерде топырақтың, су және жел эрозиясы болмайды. Ал, ормансыз жердiң топырағы кеуiп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшiн де отырғызады. Орманның ауаны тазартатын да қасиетi бар. Мысалы: бiр гектар орман бiр күнде 220-280 кг. көмiр қышқыл газын сiңiрiп, 180–200 кг оттек бөлiп шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.
    Орман сонымен қатар денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендерi, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес. Сирек өсiмдiктердiң қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесiп, отап, құрылыс материалы үшiн пайдалануды азайту керек. Қазiрдiң өзiнде Iле шыршасы, самырсын, шетен, ырғау, торанғыл, долана, шырғанақ, емен, т.б. ағаштары қорғауды қажет етiп отыр. Әсiресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты – жасанды жолмен орман қорын көбейту.
    Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауiптi нәрсе – өрт. Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар – орман зиянкестерi, кемiрушiлер, ұсақ жәндiктер, өсiмдiк аурулар паразиттер, санырауқұлақтар мен вирустар. Зиянкестердiң кесiрiнен құрылыс материалдары үшiн дайындалатын ағаштардың 45 пайызы сапасыз болып шығады. Кей жылдары жүздеген гектар ормандағы зиянкестермен үзбей күресуге тура келедi. Олар химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте қоршаған орта мен барлық тiрi ағзалар үшiн ұқыптылықты қажет етедi.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет