Анықтамалар


Орман шаруашылық мекемесі туралы қысқаша шолу



бет5/17
Дата27.11.2023
өлшемі428,9 Kb.
#128645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ОРМАНШЫЛЫК КУРСОВОЙ ОБРАЗЕЦ 2023

Орман шаруашылық мекемесі туралы қысқаша шолу
Еліміздегі бүкіл жер қоры белгілі бір мақсатқа пайдалануына қарай алты топқа бөлінеді: ауыл шаруашылығы қажеттерінің жерлері; елді мекендердің жерлері: өнеркәсіптің, транспорттың, рекреациялық жерлердің, қорықтардың және ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттарға пайдаланылатын жерлер; мемлекеттік орман қорының жерлері; мемлекеттік су қорының жерлері; мемлекеттік запастағы жерлер. Осы топқа бөлінген жерлердің ішінен ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттарға пайдаланатын жерлер-өнімділігі төмен шөлді аймақтардың экологиялық жағдайы көп қарастырыла бермейді. [3]
Облысымыздың Ойыл ауданы территориясындағы Барқын құмы жоғарыда айтылған өнімділігі төмен-шөлді ландшафт болып табылады, дегенмен осы аймақта жерасты суы деңгейінің жоғары жатуынан болуы керек өсімдіктер және жануарлар түрлеріне бай болып келеді. Ойыл мен Қуырдақты өзендерінің аралығында шөккен түйелердей тізбектеле 18 километрге созылып, ені 7 километрді, 17232 гектардан астам алқапты алып жатқан Барқынның табиғатын, экологиялық жағдайын еліміз түгілі, облыс тұрғындары да біле бермейді.
Барқын құмы-аудан өңірінде ерекше қорғауға алынған жер болып табылады. Барқын құмында 100 жылдан асатын алып қарағайлы орман бар. Барқын құмы көшпелі құм санатына жатады. Құмды тоқтату мақсатында Барқын құмына 1896 жылы полковник Иванов.Н.П. Орынбор қаласынан түйе керуеніне артып, қарағай, қайын, көктерек, қараағаш қөшеттерін отырғызған. Осы Барқын құмының табиғат кешенінің ерешелігі туралы көп жазыла бермейді.
І. Жалпы бөлім



    1. Орман шаруашылығының орналасқан жері

Ақтөбе облысы - республикамыздың солтүстік-батысындағы көлемді аймақты алып жатыр. Облыс ауданы - 301,6 мың шаршы км-ге жетеді, бұл Қазақстан аумағының 11,6%-ын қамтиды. Аумағының көлемділігі жөнінен еліміздің облыстарының арасынан алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Ақтөбе облысының аймағы солтүстігіндегі Орал маңы үстірттерінен оңтүстіктегі Асмантай-Матай сорлары, Матай құмдарына дейін созылады. Ал батысында Ақтолағай қырқасы, Ақшатау, Доңызтаудан Торғай қолатына дейінгі алапты алып жатыр. Ойыл селосы Ақтөбе облысының батыс бөлігінің солтүстік кеңдігін 49º пен 50º аралығында шығыс ұзындығының 51º пен 55º аралығында орналасқан [3, 4].






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет