Анықтамалық көмекші құралы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үстіндегі жоғарғы сынып оқушыларына және талапкерлерге арналып отыр


Исмаил Гаспралы (Измайл бек Гаспринский) 1883 жылы түрік және орыс тілінде «Тәржімән» газетін шығарды [3, 8 - 9б]. 4



бет184/239
Дата07.01.2022
өлшемі331,32 Kb.
#20002
түріАнықтамалық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   239
3. Исмаил Гаспралы (Измайл бек Гаспринский) 1883 жылы түрік және орыс тілінде «Тәржімән» газетін шығарды [3, 8 - 9б].

4. Мұстафа Шоқай «Біртұтас Түркістан» мемлекетін құру үшін күресті [3,9б]

5. Жүсіп Ақшора (Ю. Акчурин) 1904 жылы «Och Tarzi Seyaset» («Үш түрлі саясат») атты мақаласында жалпытүркілік идеяны ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеп берді [3, 9б].

6. И. Гаспралы барлық түркі тілдерін бірізділікке түсірумен де айналысты [3, 9б].

7. Саяси және діни қайраткер Абдурашид Ибрагимов Петербургте «Үлфат» газетін шығарды [3, 9б].

8. Мемлекеттік Думаның депутаты Б.Қаратаев қазақтың жерін тартып алуға қарсы шығып, «Біздің мемлекетімізде шиеленіскен аграрлық мәселені шаруаларды өлкеге – Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарына қоныс аударумен шешуге тырысуға болмайды»-деді [3, 35-36бб].

9. А. Байтұрсынов «Төңкеріс және қазақтар» деген мақаласында: «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясын жариялау қазақтардың ұлт мәселесін мұқият қарауының басталуы деп санауға болады. Колчак өкіметінен Кеңес өкіметін артық көргенде біз қателескен жоқпыз деп мен шын жүректен айта аламын және өз жолдастарымның көңілін орнына түсіре аламын. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) 1919 жылғы 4 сәуірдегі қаулысында «Кеңес өкіметіне қарсы Азамат соғысына қатысқан қырғыздар (қазақтар), сондай-ақ қырғыздардың бұрынғы ұлттық Алаш-орда үкіметінің мүшелері өздерінің бұрынғы контрреволюциялық қызметі үшін ешқандай қуғынға салынып, жазаға тартылмауға тиісті деп көрсетілген», - деп жазды. [3, 52 - 53бб].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет