Анықтамалық көмекші құралы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үстіндегі жоғарғы сынып оқушыларына және талапкерлерге арналып отыр



бет201/239
Дата07.01.2022
өлшемі331,32 Kb.
#20002
түріАнықтамалық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   239
17. «Түркістан ұлттық бірлігі».

1921 жылы Ташкентте құрылған жалпытүркістандық ұйым.



18. «Қазақ халқын қорғаушылар одағы».

1940-1941 жж. Орал өңірінде құрылған қазақ жастарының саяси ұйымы.



19. «Жас тұлпар».

1963 жылы Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының мәдени-ағартушылық мақсаттағы құрған ұйымы.



20. «Жас қазақ».

1960 жылдары Қарағанды қаласында құрылған қазақ жастарының ұлттық мәдени-ағартушылық ұйымы.



21. «Тайшұбар».

1960 жылдары Семей қаласында құрылған қазақ жастарының ұлттық мәдени-ағартушылық ұйымы.


Тесттік талдаулар:
1. Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і болып өзгертілген мерзім:

А). 1924 жылы – жалған жауап (сұраққа сәйкес келмейді).

В). 1939 жылы – жалған жауап (сұраққа сәйкес келмейді).

С). 1936 жылы – Қазақ АКСР - і Қазақ КСР-і атанған уақыт.

D). 1920 жылы – Қазақ халқы қоныстанған аумақ кеңестік негіздегі автономиялық бірлестікке біріккен уақыт. Осы жылы Қырғыз АКСР-і құрылды.

Е). 1925 жылы – Қырғыз АКСР-і Қазақ Қазақ АКСР-і атанды.



Тірек сөздер: (1)Қырғыз АКСР, (2)Қазақ АКСР, (3)өзертілген мерзім.

  • Қырғыз (Қазақ) АКСР(уақыт мерзімі) 1920-1925 жж.

  • Қазақ АКСР(уақыт мерзімі)1925-1936 жж.

  • ХІХ ғасырдың басынан ХХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін қазақ

халқы орыс деректерінде қырғыз, ал қырғыздар буруттар немесе тау қырғыздары деп аталды*.

  • Қазақстан 1920-1925жж. Қырғыз(Қазақ) Автономиялық

Республикасы (РКФСР құрамында) - деп аталды.

  • Қырғызстан 1920-1925 жж. Қара-қырғыз Автономиялық облысы

(РКФСР құрамында) – деп аталды.

  • 1925 жылы өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз

халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар аталсын» деген қаулы қабылдады. Осы жылғы 15 маусымдағы Бүкілодақтық Орталық комитетінің қаулысымен Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і деп аталатын болды [1; 45 - 46бб].

2. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтті:

А). 1993 жылы.

В). 1997 жылы.

C). 1996 жылы.

D). 1995 жылы.

Е). 1999 жылы.



Тірек сөздер: (1) Абай Құнанбаев, (2)150 жылдығы.

Абай Құнанбаев 1845-1904 жж. өмір сүрді.

1845+150=1995


  • 1995 жылы өткізілген қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, гуманист Абайдың

мерейтойы бүкілхалықтық мерекеге айналды [1; 217б].

  • Логикалық сұрақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет