Большевизм – В. И. Ленин бастаған саяси қозғалыс пен саяси ойдың ағымы. РСДЖП ІІ съезінде (1903ж.) басқарушы органдарды сайлау кезінде В.И.Лениннің жақтастары көпшілік дауыс ие болып, большевиктер аталды.
17. Буржуазиялық революция – негізгі міндеті феодалдық құрылыс пен оның сарқыншақтарын жою, буржуазия билігін орнату, буржуазиялық мемлекет құру болатын әлеуметтік революция.
18. Қосөкімет – Ақпан революциясынан соң (1-2 наурыз – 5 шілде, 1917 ж.) Ресейдегі екі өкімет билігінің өзіндік қатар өмір сүруі. Екі диктатураның жеке-дара билік үшін күрес кезеңі. Уақытша үкімет – буржуазия мен помещиктердің бір бөлігінің диктатурасын жүзеге асыратын билік. Бұл үкімет парламенттік монархияны орнатқысы келді. Жұмысшы мен солдат депутаттарының кеңестері – өз мақсатын жұмысшы табы мен демократиялық республика орнату деп жариялаған өкімет.
19.
Достарыңызбен бөлісу: |