Бюрократия (кеңсенің үстемдігі, франц. bureau – бюро, кеңсе) – бастапқыда үкімет аппаратындағы шенеуніктер мен бастамашылдардың билігі мен ықпалы; одан кейін – қоғамның әр түрлі салаларында пайда болған ірі ұйымдардағы қызметшілер тобының атауы. Бюрократияға ұйымның көпшілік мүшелерінен артықшылықтары бар топқа айналу тенденциясы тән. Бұл формализм мен шектен шығудың, авторитаризм мен конфорфизмнің өсуімен, ұйым қызметінің ережелері мен міндеттерін оны нығайту мен сақтауға бағындырумен қатар жүреді. Бұл авторитарлық жүйелерде ерекше көрініс табады; артықшылықтары бар шенеунік - әкімшілік шағын тобы.