Стагнация (лат.stagno – қозғалмайтын етемін) – экономикадағы кері кету, өнідірістегі, саудадағы тоқырау, т.б. Өсудің нөлдік немесе мардымсыз қарқынынан, экономиканың өзгеріссіз құрылымынан, оның жаңа өнертабыстарға, ғылыми-техникалық прогреске бейімсіздігінен көрінеді. Стагнация жағдайы АҚШ-тың 1930 жылдардағы экономикасына, кеңес экономикасына, кеңес экономикасы үшін – 1970 жылдардың ортасы - 1980 жылдардың соңы тән.
61. Миграция (лат. migratio, migro – өтемін, көшемін) – орын ауыстыру, көшу, қоныс аудару.
62. Интеграция (лат. integratio – қалпына келтіру, толтыру; integer - бүтін) – жекелеген әрқилы бөлімдер мен атқаратын міндеттер жүйесінің біртұтас болып байланысу жағдайын, сонымен бірге сондай жағдайға әкелетін процесті (мысалы, ғылымдағы интеграция, экономикалық интеграция) сипаттайтын ұғым.
63. Диссидент – басқаша ойлаушы. Кеңес мемлекетінің саясаты мен идеологиясын сын көзбен қабылдап, оны өзшығармашылығы мен қызметінде бейнелегендердің бәрі диссиденттерге жатқызылды. Көпшілігі қуғын-сүргіннің құрбандары болып, кейбіреулері шетелдерге кетті немесе осылай істеуге мәжбүр болды.
64.
Достарыңызбен бөлісу: |