40. Ақмола округінде сотталғандардың үй ішімен қоса 24 сағат ішінде жер аудару фактісі орын алды.
41. Алматы және Петропавл округтерінде кейбір ауылдарда қара бойкот жарияланып, онда терезелерде тақтай қағылып тасталды, пешке от жағу рұқсат етілмеді. Тұтас қоныстарға бойкот жасалған жағдайларда да кездесті.
42. Ақтөбе және Павлодар округтерінде кедейлерді ұрып-соғу, оларды суық су құйып азаптау, қыс кезінде суық қамбалар мен қоймаларға күзетпен қамап қою орын алды, кулактардың үйлерінде жаназа рәсімін өткізуге жол берілмеді.
43. Семей округі халық наразылығының ірі ошағына айналды.
44. Қазақ өлкелік комитеті «бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі» деп бағалаған Торғай шаруаларының Бетпаққара көтерілісі бүкіл республикаға күшті әсер етті.
45. Қарақұм көтерілісін Орынборда орналасқан 8-дивизия басып тастады.
46. Созақ ауданындағы көтеріліс табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді.
47. Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының шаруалары Қазақстан жерін тастап, Түрікменстан, Қарақалпақстан аумағына, ал бір бөлігі Иран және Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болды.
48. Алматы және Семей округтерінің бүлік шығарған ауылдарының едәуір бөлігі Қытай жеріне ауып кетті.
49. Қызылорда және Алматы облыстарында қоныс аударушы корейлерден тұратын 57 ұжымшар құрылды.
50. Қарағанды облысының аумағында, негізінен алғанда, Осакаров ауданында, 1931 жылы, шамамен 25 қоныс-обсервация құрылды.