204. 1989 жылдың өзінде КСРО-ны конфедерация принциптері негізінде өзгертудің нақты көріністері байқалды [2, 299б].
205. 1991 жылы қазанда Қазақстан ЛКЖО XVIII кезектен тыс съезінде Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар одағы атауын Қазақстан жастар одағы деп өзгертуге шешім қабылдады [2, 304б].
206. 1989-1992 жылдары Гурьев қаласы – Атырау, Целиноград – Ақмола, Шевщенко – Ақтау, Голощекин ауылы – Приуралье болып өзгертілді. Республика картасында «Коммунистік», «Социалистік», «Октябрь» деген сөздер жоғала бастады [2, 311б].
207. 1990 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев «30-40-жылдар аралығында және 50-жылдардың басында заңсыз қуғын-сүргіннен зардап шегіп, кейіннен ақталған азаматтарға жәрдем көрсету жөніндегі шаралар туралы» Жарлық шығарды [2, 311б].
208. 1991 жылы 12 желтоқсанда Н. Ә. Назарбаев «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылғани азаматтарға ақтау жөнінде» Жарлық шығарды [2, 312б].
209. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойып, Қазақстан ядролық қарусыз аумаққа айналатыны жөнінде мәлімдеді [2, 312б].
210. 1992 жылдың басында Егор Гайдар үкіметінің Ресейде бағаны босатуы жағдайды қиындата түсті. Ресей әрекетін Қазақстанда қайталауға мәжбүр болды [2, 326б].