Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2020


 Университет ғимараттарындағы тәртіп



Pdf көрінісі
бет48/76
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#17452
түріАнықтамалық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
Байланысты:
1-2-kaz

 

10. Университет ғимараттарындағы тәртіп 

 

10.1. Университет 



ғимараттарындағы 

тәртіп 


пен 

қолайлылыққа  (жұмысқа  жарамды  жиһаздың,  оқу  жабдықтары-

ның болуы, қалыпты температура мен жарықты қамтамасыз ету) 

бұл міндетіне лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес кіретінпроректор, 

сондай-ақ  тиісті  бөлімшенің  басшысы  жауап  береді.  Оқу 

зертханалары  мен  кабинеттердегі  жабдықтардың  жарамдылығы 

мен  оқу  құралдарының  сабаққа  дайын  болуына  кафедра  және 

зертхана,  оқу  кабинеттерінің  меңгерушілері,  әдіскерлер, 

лаборанттар жауап береді. 

10.2. Университет аумағында тыйым салынады: 

-  тиісті  бөлімшенің қалыпты  жұмыс жасауын  қиындататын 

әрекеттерге;  

-  шылым шегуге; 

-  спирттік ішімдіктерді пайдалануға; 

-  құмар ойындарға; 

-  мас  күйде,  алкогольдік,  есірткілік  немесе  уландырғыш 

заттармен масайған күйде келуге;  

-  жануарлармен келуге (зерттеулік мақсаттардан басқа). 

10.3. Университет  ғимараттарында  сырт  киіммен  және  бас 

киіммен жүруге тыйым салынады. 

10.4. Қызметкерлерді,  білім  алушыларды  немесе  басқа  да 

тұлғаларды, 

сонымен 

қоса 


автокөліктерді 

Университет 

ғимаратына және аумағына кіргізу тәртібі, сонымен қоса мүлікті 

Университет  аумағында  ауыстыру  немесе  Университет  аумағы-

нан  тыс  жерге  шығару  тәртібі  белгілі  тәртіпте  бекітілетін 

Университеттің  нысандарында  кіргізу  тәртібін  ұйымдастыру 

туралы 

Ережемен, 

Университет 

жатақханаларында 

тұру 



43 

 

ережелерімен,  сонымен  қоса  Университеттің  Қауіпсіздік 



қызметінің  келісімімен  Университет  бөлімшелерінде  әзірленетін 

ережелермен анықталады. 

10.5. Университет  басшылығы  оқу  орнының  күзетілуін, 

жабдықтардың,  мүліктің  және  басқа  да  заттардың  сақталуын, 

сонымен  қоса  оқу  және  тұрмыстық  бөлмелерде  қажетті  тәртіпті 

қамтамасыз  етуге  міндетті.  Мүліктің  сақталуына,  ғимараттың 

өртке  қарсы  және  санитарлық  жағдайына  лауазымдық 

нұсқаулықтарға  сәйкес  жекелеген  құрылымдық  бөлімшелердің 

басшылары,  ал  қажет  болған  жағдайларда  ректордың  бұйрығы-

мен тиісті лауазымдық тұлғалар жауап береді. 

10.6. Мереке  күндері  және  демалыс  күндері,  сонымен  қоса 

төтенше  жағдайларда  тұрғын  үй  және  тұрмыстық  ғимараттарды 

қоса  алғанда  Университеттің  барлық  ғимараттарында  Универси-

тет басшылығы ерекше жұмыс және мүлікті қолдану тәртібін бе-

кітуі,  сонымен  қоса  қызметкерлердің  кезекшілік  етуі  енгізілуі 

мүмкін.  

Жұмыстан  тыс  уақытта  бөлімшелерде  жоспарланған  сабақ-

тар мен жұмыстарды жүргізуді құрылымдық бөлімше басшылары 

Университет Қауіпсіздік қызметінің бастығымен келіседі және ол 

ректордың бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 

10.7. Оқу ғимараты бөлмелерінің (кафедралар, дәрісханалар, 

кабинеттер,  зертханалар)  кілттері  оқу  ғимараты  күзетінің 

кезекшісінде болуы тиіс және тиісті бөлімшелер қызметкерлеріне 

қол қою арқылы берілуі керек. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет