Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2020


Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет45/76
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#17452
түріАнықтамалық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік 

университетінің ішкі тәртіп 

ережелерінің көшірмесі

 

1. Жалпы ережелер 

1.1. Ішкі  тәртіптің  осы  Ережелері  (бұдан  әрі  —  Ереже)  ҚР 

БҒМ  РМК  «Академик  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды 

мемлекеттік университетіндегі» (бұдан әрі — Университет) еңбек 

және  оқу  тәртібін  реттейтін  негізгі  жергілікті  нормативтік  акт 

болып табылады.  

Университет  қызметкерлеріне  қатысты  бұл  Ережелер 

қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және шығару тәртібін, еңбек 

шарты  тараптарының  құқықтық  жағдайларын,  жұмыс  уақытын, 

демалыс  уақытын,  қызметкерлерге  мадақтау  және  шара 

қолдануды,  сонымен  қоса  еңбек  қатынастарының  басқа  да 

мәселелерін  анықтай  отырып,  ұйымның  ішкі  еңбек  тәртіп 

ережелері болып табылады.  

1.2. Еңбек және  оқу  тәртібі  –  бұл  еңбек/оқу  үдерісіндегі  де, 

Университет 

аумағында, 

яғни 


Университетке 

тиесілі 


ғимараттарда, құрылыстарда, бөлмелерде, жер телімдерінде және 

басқа да нысандарда болған кезеңдегі де қызметкерлер мен білім 

алушылардың тәртіп ережелері. 

1.3. Осы Ережелер таралатын Университет қызметкерлерінің 

қатарына  Университетте  еңбек  шарты  бойынша  жұмыс  істейтін 

және профессорлық-оқытушылар, әкімшілік-басқарма, әкімшілік-

шаруашылық, 

оқу-қосалқы 

және 

бекітілген 



тәртіпте 

тағайындалатын  немесе  белгілі  бір  мамандық,  кәсіп  бойынша 

жұмыс  атқаратын  немесе  белгілі  бір  жұмыс  түрін  істеуге 

жалданған штаттық кесте бойынша басқа да қызметкерлер жата-

ды. 

 

 



1

 Е.А. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 

ішкі тәртіп ережесі: ҚарМУ баспасы, 2012. – 37б. 



37 

 

1.4. Осы 



Ережелер 

таралатын 

білім 

алушыларға 



Университеттің  негізгі  және  қосымша  білім  бағдарламалары 

бойынша  оқу  үшін  Университетке  білім  алушылар,  студенттер, 

тыңдаушылар,  магистранттар,  докторанттар  және  ізденушілер 

ретінде  қабылданған,  соның  ішінде  ақылы  негізде  білім  алатын-

дар  да  жатады.  Егер  басқалары  заңнамада,  Университет  Жарғы-

сында,  басқа  да жергілікті  нормативтік  актілерде қарастырылма-

ған болса, білім алушылардың барлық топтары тең құқылы және 

оларға тең міндеттер жүктеледі. Ақылы негізде білім алатын тұл-

ғалардың  қосымша  құқықтары  мен  міндеттері  тиісті  оқу 

келісімшарттарымен белгіленеді. 

1.5. Университет  әкімшілігі  ректордың  немесе  ол  бекіткен 

өкілетті  тұлғаның  тарапынан  Университет  қызметкерлеріне 

қатысты жұмысқа қабылдаушы ретінде, сонымен қоса оқу үдері-

сін ұйымдастырушы және бақылаушы тұлға ретінде болады. 

1.6. Университет 

қызметкерлерінің 

еңбек 

қызметі 


Университет  Жарғысында  бекітілген  мақсаттарға  жетуге  және 

міндеттерді 

жүзеге 

асыруға 


бағытталған. 

Университет 

қызметкерлері мен әкімшілігінің олардың оқу, ғылыми және бас-

қа  да  қызмет  түрлерін  жүзеге  асыру  аясындағы  құқықтары  мен 

міндеттері  еңбек  туралы,  білім  туралы  нормативтік  актілермен, 

Университет Жарғысымен, осы Ережемен және басқа да жергілік-

ті  нормативтік  актілермен,  сонымен  қоса  жұмыс  беруші  мен 

қызметкерлер  ұжымы  және  білім  алушылар  (бұдан  әрі  — 

Ұжымдық  келісімшарт)  арасындағы  келісімшартпен  және 

әлеуметтік-еңбек  қатынастары  саласындағы  келісімдермен 

анықталған. 

1.7. Университеттегі  білім  беру  білім  алушылардың  тиісті 

білім  бағдарламасының  мазмұны  болып  табылатын  кәсіби 

дағдыларды  және  кәсіби  білімді  толық  меңгеруіне  бағытталған. 

Университеттегі  білім  алушының  құқықтық  мәртебесінің  негізін 

білім  туралы  заңнамада, Университеттің  Жарғысы  мен  Ішкі  тәр-

тіп  ережелерінде,  Е.А.Бөкетов  атындағы  ҚарМУ  Этикалық  нор-

малар  кодексінде  бекітілген  оның  құқықтары  мен  міндеттері  құ-

райды. 

1.8. Еңбек  және  оқу  тәртібі  Университет  әкімшілігінің 

қалыпты  жоғары  өндірісті  жұмыс,  еңбек  және  оқу  міндеттерін 

саналы  орындау үшін дәлелдеу, тәрбиелеу  әдістерімен, сонымен 




38 

 

қоса  адал  еңбегі  және  оқуы  үшін  мадақтаулар  арқылы  қажетті 



ұйымдастырушылық  және  экономикалық  жағдайлар  жасаумен 

қамтамасыз  етіледі.  Тәртіпті  бұзушыларға  тәртіптік  шаралар 

қолданылады. 

1.9. Ішкі  тәртіп  ережелерін,  сонымен  қоса  оған  енгізілген 

барлық өзгертулер мен толықтыруларды ректор бекітеді. 

1.10. Бұл  Ережелер  Университет  құрамына  кіретін  барлық 

құрылымдық  бөлімшелер  үшін  бірыңғай  және  міндетті  болып 

табылады.  Еңбек  заңнамасымен  және  басқа  да  нормативтік-

құқықтық  актілермен  белгіленген  жұмыскерлердің  жеке 

топтарының  жұмыс  уақыты  мен  демалыс  уақытының  жұмыс 

тәртіп  ерекшеліктеріне  байланысты  Университеттің  жекелеген 

құрылымдық  бөлімшелерінде  осы  Ережелерге  қарама-қайшы 

болмайтын  ішкі  тәртіп  ережелері  әзірлене  алады.  Жекелеген 

құрылымдық  бөлімшелердің  аталған  ішкі  тәртіп  ережелерін 

жұмыскерлер  мен  білім  алушылардың  өкілетті  органдарының 

пікірін есепке ала отырып, Университет әкімшілігі бекітеді. 

1.11. Университеттің  ішкі  тәртіп  ережелері  еңбек  және  оқу 

тәртібін нығайтуды, жұмыс және оқу уақытын тиімді қолдануды, 

оқу үдерісінің сапасын арттыруды мақсат етеді. 

1.12. Ішкі  тәртіп  Ережелерін  қолдануға  байланысты  барлық 

мәселелерді Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына 

сәйкес берілген құқықтар аясында Университет әкімшілігі шеше-

ді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет