47
саты)байқалады. Суық пен желдің қатты әсері қызғылт сұйықтығы бар
көпіршіктердің пайда болуын тудырады, олар ашыла алады (2 саты). Одан
кейін теріде ауру белгісі жоқ,суық,қатты ,жылытудан кейін –көк-күлгін, қара
, өлі ұлпалардың алынуы білінеді (3 саты).
Ауру малды жылы қораға апарып,қан айналымын қалыпқа келтіретін
шараларды қолданады-соллюкс шамымен жылыту,жалпы массаж, камфор
спиртінде батырылған сүлгімен зақымдалған аймақты уқалау,жылы ванна
(сур. 11). Ірі қара малға жылы сүт,этил спиртін береді, кофеин,камфор майы
және т.б. егуін жасайды. Зақымдалған аймақты йодты глицеринмен,жасыл
түсті гауһармен өңдейді, камфорлы, ихтиолды борлы спиртпен ылғалды
таңғышты салады.Көпіршіктерді инемен жарып, олардың ішіне 0,5 %-тік
новокаин ерітіндісі негізіндегі антибиотиктерді енгізеді.
11Сурет - Үсіп қалған бұзауға ем шара қолдану
Жаралар. Жара – жануарларды күтудің зоогигиеналық ережелердің
бұзылуы, малшаруашылығы, жайылым территориясының қоқырсыған
(шығып тұрған шегелер, ілгектер, металл, ағаш, шыны бөлшектері, инвентарь
және т.б.) нәтижесіндегі терінің, кілегей қабықтың, кейде терен орналасқан
ұлпалардың және органдардың ашық механикалық зақымдауы.
Жара үңірейюімен, қан ағумен және ауырсынумен сипатталады.
Клиникалық белгілер зақымдаған заттың түріне, дене аумағына, терендігіне,
зақымдалу бағытына байланысты.
Микробтық ластанудан алдын алу үшін жара айналасындағы теріні 5
%-дық йод ерітіндісімен жағады және мүмкіндігінше жүндерін алады. Қан
ағуды қанды тоқтататын жгуттың көмегімен жарадан жоғары салып тоқтату
керек. Бөгде зат болған кезде оны алады немесе өлі ұлпаларды кеседі немесе
жарақаттанған жерді новокаин-антибиотиктік ерітінділердің, линимент
Вишневскийдің,
орташа
тұздардың
гипертониялық
ерітінділердің
(натрийдың гидрокарбонаты, магнезияның сульфаты, кальций хлориды,
натрий сульфаты және т.б.) көмегімен білте қояды.
Анаэробтармен, ірінді инфекциямен ластанған кезде жараны 40 °C
дейін жылытылған марганец қышқылды калий ерітіндісімен, асқын сутотығы
ерітіндісімен, хлорацидпен немесе 2 %-дық хлорамин ерітіндісімен шаяды,
содан кейін дәке салып, байлайды.
Достарыңызбен бөлісу: