2.4 Буын аурулары Буын аурулары – кең таралған хирургиялық патология. Жабық
травматикалық,жедел және созылмалы асептикалық аурулар болады:
жарақаттанулар(бүтіндігінің бұзылу белгілері жоқ ұлпа жарақаты),
гемартроздар(буын қуысына қан кету), созылулар,буыннан шығып
кету,синовиттер(буынның синовиальды капсуласының қабынуы),артриттер
(қабыну,дистрофикалық,аралас сипаттағы буын аурулары),остеоартрит
немесе панартрит(буынның барлық құраушыларының қабынуы-сүйек
шеміршегі,эпифизі), артроз(қабынбаған буындардың созылмалы ауруы).
Буын
патологиясының
белгілері
ішінде
буын
формасының
өзгеруін,ауырсынуды,ісінуді,дене қызуының жоғарылауын атауға болады;ал
қабыну процесінің ұштарына ошақтану кезінде-ұзындығының өзгеруі мен
ақсаңдау,мал көп жатады,ауырған аяғына күш түсірмейді.
Буындардың көптеген аурулары қиын өтеді және емдеуге оңай
берілмейді.Емдеу
бойынша
жалпы
ұсыныстардың
арасында
тыныштықты,рационға концентраттардың мөлшерін азайтып,жоңышқа
қосып,зақымданған буынға майлар мен линименттер қосып массаж
жасау,ұдайы серуен(моцион),қыста-ультракүлгін сәулелендіруді атауға
болады. Емдеу-терапевттік шаралардың курсын малдың жағдайына қарай
ветеринарлық маман белгілейді.
2.5 Бұлшықеттердің аурулары Бұлшықеттер
ауруларына
жаралар,суықтану,қабынудың
айналадағы
ұлпалардан өтуі,инфекциялық және инвазиондық аурулар (туберкулез,
актиномикоз) кезінде туындаған бұлшықет қабынуы-миозит және миопатоз –
тасымалдау,ұзақ фиксация,моционның жоқтығы кезінде жиырылғыш
қабілеттерінің бұзылуы тудыратын патологиялар жатады. Миозитке ауырған
бұлшықет көлемінің ұлғаюы тән.Бұлшықетті қолмен ұстау малда ауруды
тудырады,бұлшықеттің өзі – тығыз,терісі ыстық және ісінген,әдеттегі
ақсаңдау зақымдалған бұлшықетке сәйкес. Миопатоз зақымдалған ұштардың
қозғалыс кезіндегі әлсіздігі бойынша диагностика жүргізеді; ұштарының
тірегі-нақты емес, үзілісті. Ауру бұлшықеттер босаңсыған және ауру белгісі
жоқ.
44
Миозитті емдеу жылытатын компресстерді салуда, физиотерапевттік
процедураларды
өткізуде,
іріңдіктерді
ашуда,
антибиотиктерді,
сульфаниламидтерді қолдануға негізделеді.Миопотоз кезінде жылу, массаж,
ультрадыбыс, зақымдалған жерге йод тұзымен ионофорезді тағайындайды.