Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет5/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
 
1. Ішкі жұқпалы емес аурулар. Ірі қара малдың анатомиялық 
және физиологиялық ерекшеліктері. 
Анатомия ғылымы ағзаның құрылысын, пішінін, олардың орналасуы 
мен бір біріне арақатынасын зерттейді, ал физиология деп тірі ағзада өтіп 
жататын процестерді айтамыз. 
Анатомия ғылымы мен физиология ғылымының ортақ түсініктері сырқат 
жануарға ветеринарлық көмекті қалай көрсету керектігін білуге көмектеседі. 
Кез-келген жануар ағзасы жасушадан құралған. Жасушалардан 
құралған белгілі бір топтар өздерінің пішіні мен құрылысын өзгертіп қандай 
да бір функцияны орындайды. Бұл жасушалар жүйесі - спецификалық 
қасиетке ие және олар ұлпалар деп аталады. Ұлпалар өз ішінде 4-ке бөлінеді: 
эпителий ұлпалары, бұлшықет ұлпалары, дәнекер және жүйке ұлпалары. 
Эпителий ұлпасы организмді сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердің 
кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі бездер 
паренхимасын түзетін ұлпа. Эпителий ұлпасы организмде қорғаныс қызметін 
атқарады, зат алмасу процесіне қатысады. 
Дәнекер ұлпасы қоректік және қорғаныс болып екіге бөлінеді. 
Қоректік немесе трофикалық ұлпаға қан мен лимфа жатады. Қорғаныс 
ұлпасының негізгі қызметі – ағзаның барлық бөліктерін дәнекерлеп, 
біріктіріп, біртұтас етіп тұратын олардың стромасын құрайды. (қорғаныс 
ұлпасына шеміршек, сүйек ұлпаларын жатқызады). 
Бұлшықет ұлпасы организмде жиырылу қызметін атқарып, қимыл-
қозғалыстарды іс жүзіне асыратын ұлпа. Оны ет бұлшықет ұлпасы және 
жүрек бұлшықет ұлпасы деп екіге бөледі. Олар ішкі мүшелердің, қан және 
лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын түзіп, еріксіз 
жиырылады. 
Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасы 
нейрон деп аталады. Жүйке жасушаларының айналасын қоршап тұрған 
қосымша жасушаларды – нейрология дейді. Нейрология нейронды қоршап, 
қоректік , қорғаныштық, тірек қызметін атқарады және нейрондардағы зат 
алмасуға қатысады. 
Әр түрлі ұлпалар бірімен-бірі қосылып, мүше түзеді. Мүше дегеніміз – 
белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын 
дене бөлігі. Мысалы, мүше деп: көз, бүйрек, тілді айтамыз. 
Жануар денесіндегі атқаратын қызметі бір-біріне байланысты мүшелер 
бірігіп мүшелер жүйесін түзеді.Мысалы, тірек-қимыл, зәр-жыныстық, 
эндокриндік мүшелер жүйесі бар. 
Жануар ағзасының мүшелері тынысалу,асқорыту, зәршығару, жыныс және 
т.б жүйелерден тұрады және олар құрсақ, кеуде, жамбас қуыстарында 
орналасқан. 
Кеуде қуысы көкірек қуысының ішінде орналасқан, құрсақ қуысы 
көкетпен шектелген, ал артынан жамбас қуысы өтеді. Ол белдің маңайында 
аяқталады.Жамбас қуысынан жамбас сүйектері, сегізкөз сүйектері, 
құйымшақ омыртқалары жасалады. Ішкі құрылыстың көп бөлігі маңызды 



жерде орналасқан, сол арқылы бөліктердің бір бірінің жанында дұрыс 
қозғалуына жағдай жасайды. Мысалы, жүрек жүрек жаны серозды бөлікте 
орналасқан. 
Кез келген жануар ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін зат алмасу – 
сыртқы ортадан келген тағамның көмегімен қайта қалпына келу процесін 
құратын ағзаның құрамды бөліктері ыдырауының үздіксіз процесі қажет. 
Зат алмасу және тірі ағзадағы энергия айналу бір бірінен ажырамас 
процесстер. Жылудың бөлінуі және пайда болуы ең алдымен зат алмасуға 
байланысты. Ірі қара мал – ыстық қанды мал, яғни олардың дене 
температурасы тұрақты және жасына және физиологиялық жағдайына 
байланысты 37,5– 40,5 °C шамасында температураны ұстап тұрады: ересек 
малда – 37,5-39,5 °C; төлдеуге дейін 2 ай қалғанға дейінгі сиырларда – 38,5-
40 °C; бұзауда – 38,5-40,5 °C. Кейде дене температурасы климаттық және 
басқа да факторларға байланысты болады, бірақ көп жағдайда температурасы 
ауру тудырушы микробтар мен вирустардың әсерінен өзгеріп отырады.
Бас. Онда ми (бас қаңқасы) және бет (түр) бөліктерін жіктейді. Бұған 
маңдай, мұрын бөлігі, құлақ, тіс жатады. (сур. 1)
1Сурет Ірі қара малының бас аумағының топографиясы 
Мойын. Бұл жерде жоғарғы бөлік (выйная область), мойынның төменгі 
бөлігі және қамыт ойпаты бөлігін (тықырдан жоғары қамыт тамырлары 
орналасқан жер) бөліп қарайды.
Дене. Холк (оны бес алғашқы кеуде омыртқасы және онымен бір 
деңгейде орналасқан жауырынның жоғарғы бөлігі құрайды), арқа, белдеме, 
кеуде бөлігі (кеуде), кеуде тұсы, круп, оң және сол омыртқа бөлігі, оң және 
сол пах, кіндік бөлігі, желін бөлігі немесе сүт безі, құйрық. (сур. 2,3) 
Аяқ. Алдыңғы аяғы иық, табан, кеуде алды, білек алды, білек, бөксе 
(артқы), бөксе, тізе, табан, сирақ (сур.1. ірі қара мал анатомиясы). 


10 
2Сурет Ірі қара мал ішкі мүшелерінің топографиясы 
3Сурет Ірі қара мал ішкі мүшелерінің топографиясы 
Малдың түрі мен жынысына байланысты малдың сыртқы көрінісі, дене 
салмағы және денесінің ерекше жеке бөліктері сыртқы деп аталады. Жалпы 
сыртқы бөлігіне дене салмағының негізгі белгілері, дененің жеке бөліктерінің 
құрылымы кіреді, әр түрдің жеке құрылыс ерекшеліктерін қарастырады. 
Сүтті малда денесі ұзын, сүйектері жеңіл, бастары орташа, желіндері 


11 
дөңгеленген болып келеді. Етті ірі қара малдың денесі аяқтары қысқа 
малдармен салыстырғанда жинаталған. Аралас бағыттағы мал түрінің дене 
салмағына байланысты азықтық құндылығы бойынша етті және сүтті 
малдардың салыстырмалылығы арасында алшақтық бар. 
Малдардың конситуциясын анықтау және экстерьерді бағалау кезінде 
кондиция орналатылады – малдың денсаулық жағдайын анықтауға септігін 
тигізетін малдың жалпы түрі, сыртқы белгілері, тойымдылығы, бұлшықеттері 
мен терісі.
Мал денесінің ұындығы орташа есеппен, құйрығын санамағанда, 1,8–
3,2 м шоқтықтағы биіктігі 1,0–1,6 м және салмағы 450-1000 кг. Бұқалар 
негізінен сиырдан ірі, биіктігі бойынша да ерекшеленеді, яғни биіктігі 1,8 м 
және салмағы 1350 кг, аналығының ең ұсақ түрінің биіктігі 85 см және 
салмағы 90 кг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет