Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет9/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

Сезу мүшелері. Талдағыштар. 
Анализаторлар немесе талдағыштар – шеткі қабылдағыш бөлімдерден 
басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол 
жануар денесінің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық 
бөлігімен байланыстырып тұрған рефлекторлық доғаның сезімтал бөлігі. 
Жануар ағзасында 5 сезу мүшесі бар: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, қимыл-
қозғалыс. Анализаторлар 3 бөлімнен тұрады: 1) Перифериялық бөлім 
(рецептор)-сыртқы энергияны жүйке процесіне айналдыратын арнайы 
трансформатор. 2)Афференттік (орталыққа бағытталған) және 3)Эфференттік 
(орталықтан шығатын) жүйке талшықтары немесе өткізгіш жолдар.Ағзаға 
тән ортақ қасиеттерден басқа 5 анализатор бар: жарықтық, дыбыстық, 
температуралық, химиялық және жылылық т.б. 
Көру мүшесі немесе көру талдағышы.
Көру талдағышы – көру рецепторынан (көз алмасы), өткізгіш жолдан 
(көру жүйкесі) және мидағы орталықтардан тұрады, сонымен қатар көмекші 
мүшелерден тұрады. Көз – көз алмасынан тұрады. Ол көру жүйкесі, бас миы 
мен қосалқы бөлімдермен біріктірілген. Көз алмасы шар тәрізді пішінге ие 
және ол көз шарасында орналасқан.
Көз алмасы сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан және жарық өткізетін 
орталардан, жүйкелер мен тамырлардан тұрады. Сыртқы, немесе фиброздық, 
қабат өз кезегінде белоктық немесе шелдік және мүйізгек болып бөлінеді. 
Белок қабаты немесе шел – бұл қатты материя, 4/5 бөлігі көз 
алмасымен 
қапталған(алдыңғы 
полюстерін 
ескермегенде). 
Ол 


18 
көзбұршағында беріктік рөлін атқарады және оған көзбұлшықеттерінің 
құрғақ қабаты байланыстырылған. 
Мүйізгек - түссіз, мықты және айтарлықтай қалың қабат. Ол көптеген 
жүйкелерді ұстайды, бірақ онда қан тамырлары жоқ. Мүйізгек жарықтың көз 
торына өтуіне қатысады және күш пен ауыруды қабылдайды. 
Ортаңғы, немесе тамырлы қабық көз жанарынан, кірпік денесінен және
жеке тамыр қабығынан тұрады. 
Көз жанары – ол ортаңғы қабықтың пигментарлық алдыңғы бөлімі. 
Оның ортаңғы бөлімінде көз қарашығы орналасқан. Ол ірі қара малда 
күндізгі жарық кезінде сопақ пішінде болады. Тегіс салалы бұлшықет тіні көз 
жанарында 2 бұлшықет: қысқыштарды (сақиналылар) және қарашық 
кеңейткішін түзеді. Осылайша көз алмасына түсетін жарықты көз қарашығы 
реттеп отырады. 
Кірпік денесі – ортаңғы қабықтың қалың бөлімі.Ол көз жанары мен 
жеке тамыр қабаттарының сырт жағын бойлай орналасқан және оның ені 
10мм сақинаға ұқсас болып келеді. 
Оның негізгі бөлігі – кірпік бұлшықеті, оған цинновалық байламдар 
бекітілетін жер және оған көзбұршақ капсуласы кіреді.Осы бұлшықет 
арқасында көзбұршақ айқын көріне бастайды. 
Жеке тамыр қабаты – көз алмасының ортаңғы қабатының артқы бөлімі. 
Бұл қабат қан тамырларының көптігімен ерекшеленеді және ол шел мен көз 
торы қабатының арасында орналасқан. 
Ішкі қабат немесе көздің ішкі тор қабығы алдыңғы және артқы 
бөлімдерге бөлінеді. Артқы бөлімі – көру бөлімі, көз алмасының біршама 
бөлігін алып жатыр. Мұнда көру нервтерінің жарықтан тітіркенуі болады 
және олар жүйке дабылына айналады. Ол жүйкелік(ішкі қабат немесе 
жарықсезгіш 
қабаты 
шыны 
тәрізді 
денеге 
қарайды) 
және 
пигментарлық(сыртқы 
қабат, 
тамыр 
қабатына 
бекітіліп 
тұрады) 
қабаттарынан тұрады. Жүйке қабатында фоторецерторлық, алғашқы сезуші, 
әр түрлі пішіндегі 2 түрлі жүйке жасушалары бар: таяқша тәрізділер 
(ымыртық көру рецепторлары, қара-ала көруді қамтамасыз етеді) және 
селеубас(күндізгі көрудің рецепторлары, түрлі түсті көруді қамтамасыз 
етеді). 
Алдыңғы бөлім – көруі нашар, ішінде кірпік денесі мен көз жанарын 
қаптап тұрады және осылармен бірге өседі. Ол пигментарлық жасушадан 
тұрады және жарықсезгіш қабатынан айырылған. 
Көз алмасы қуысы жарықбергіш орталармен: көзбұршақпен және 
алдыңғы,артқы, шыны тәрізді көз камераларынан тұрады. 
Көздің алдыңғы камерасы – көз жанары мен мүйіздік аралығы, көздің 
артқы камерасы – көзбұршақ пен көз жанарының аралығында орналасқан. 
Камера сұйықтығы көз тіндерін қоректендіріп, зат алмасу қалдықтарын 
жойып, мүйіздік пен көзбұршаққа жарық өткізеді. 
Көзбұршақ – тығыз орналасқан түссіз дене, 2 айқын линза пішіні 
тәрізді және көз жанары мен шыны тәрізді дене аралығында орналасқан. Бұл 
аккомодация мүшесі. Шыны тәрізіді дене өскен сайын серпімділігі азаяды. 


19 
Шыны тәрізді камера – көз бұршақ пен көздің ішкі тор қабығы 
аралығында орналасқан және су тәрізді сұйық затпен толтырылған(98% 
судан құралған ). Ол көз алмасының пішіні мен тонусын сақтап тұрады және 
көздің ішкі қабатындағы зат алмасу мен жарық өткізуге қатысады. 
Көздің қосалқы мүшелері: қас, көз аппараты, көз бұлшықеттері, көз 
шарасы, периорбита және фасция. 
Қас – бұл терінің кілегейлі- бұлшықет қабаттары.Олар көз алмасының 
алдыңғы жағында орналасқан және көзді механикалық зақымданудан 
қорғайды. Көз алмасының алдыңғы жағынан бастап мүйіздікке дейінгі 
аралық және қастың ішкі жағы кілегейлі қабық – конъюнктивпен қапталған. 
Тағы да 3-ші қабақ бар немесе қасаң қабақ,ол жартыай тәрізді кілегейлі 
қабықты көрсетеді. Ол көздің ішкі бұрышында орналасқан. 
Көз жасының аппараты –бұл жас темірлер, өзекшелер, жас қабы және мұрын-
жас тармағы. Көздің ішкі бұрыш жағында көздің шағын қалыңдау кілегейлі 
қабығы - көз жас бұдыры көз жас желісі орталықта орналасқан , 
айналасында жас өзекшелер – көз бұлағы бар. Жас мқұпиясы негізінде судан 
тұрады, лизоцим ферментінен тұрады, бактерия жойғыш іс-әрекетке ие. Қас 
қозғалғанда 
жас 
сұйықтығы 
дымдайды 
және 
кілегейлі 
қабықты(конъюнктива) , содан кейін көз бұлағына жиналады.Осыдан құпия 
көздің ішкі бұрышында ашылатын жас желісіне түседі. Сосын мұрын-жас 
желісінен басталатын көз жас кабына түседі. 
Көз алмасының орналасқан жерін – орбита деп атайды, ал периорбита – 
бұл көз алмасының артқы бөлімі, көру жүйкесі, бұлшықет, фассциялар, 
тамырлар мен жүйкелер орналасқан жер. Барлығы 7 ғана көз бұлшықеттері 
бар, олар периорбитаның ішінде орналасқан. Бұл бұлшықеттер көз 
алмасының орбита ішінде әр түрлі бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді. 
Тепе-теңдік 
– 
есту 
мүшесі 
немесе 
статоакустикалдық 
талдағыш(анализатор).Бұл талдағыш ми орталықтарына жол өткізетін 
рецептордан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет