Сан есімдер мен сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштар. Заттың сандық, өлшеулік сапасын білдіретін сан есімдер де анықтауыш қызметінде негізгі жəне тунды түбір тұлғасында жұмсалады. Грамматикалық өзгерістер ондай анықтауышы бар сөз тіркесінің анықтайтын сөзінде болады.
Сан есімдер аныктауыштық қызметте, бір жағынан, заттың есептік, реттік, мөлшерлік,т.б. санын білдіруі, екінші жағынан мезгілдік, салмақтық, көлемдік ұғымыын өлшеуші болуы оның кандай затқа қатысты екендігіне байланысты: үш бала, он бес қой, алтыншы бригада.
Анықталатын зат белгілі болып, оны басқа заттан айыра тану керек болғанда, оның алыстығын не жақындыгын білдіру керек болғанда сілтеу есімдіктерін анықтауыш қызметінде жұмсаймыз:
Қасқырдың бұл қылығын мазақтап күле-күле екі ішкі Жартыбайға қайтып келді.
Сіңлім, мына қағазды ал да, біздің үйге бар.
Достарыңызбен бөлісу: |