ұқсастықтарбар. Олкүрделідеталастыөткеншақтытоптастыруларынандааңғарылады:
а) Екіғалымдаамалдың, қимыл-әрекеттіңертеректенеоданбұрынжасалуыннегізетіпалады. Мәселен, Қ.КемеңгерұлыпреждепрошедшееІ, ІІ(-педі, -ғанеді),давнопрошедшее(-ған)депжіктесе, Қ.Жұбановайғақөңдіөткеншақ(-ып),айғақбаяғылықөткеншақ(-ыпеді),аулақөңдіөткеншақ(-ған), аулақбаяғылықөткеншақ(-ғанекен)дептоптастырады.
б) Екіғалымда-ушыеді, -атынедіформаларынөткеншақтадағдылы, қалыптытүрдеорындалыптұрғаніс-әрекет, қимылдыбілдіретінінескеріп, өткеншақтыңбіртүріретіндекөрсетеді. Қ.Кемеңгерұлы оны «прошедшее определенное» десе, Қ.Жұбанов «әдетше баяғылық» деп атайды.
30-жылдарға дейінгі еңбектерде -атын/-етінқосымшасы шақ көрсеткіші ретінде берілмейді. Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов еңбектерінде -атынқосымшасының еді көмекші етістігімен тіркесі (-атын еді) өткен шақ түрі ретінде қарастырылады.
Сол сияқты -мақ/-мекжұрнағы -ыу/-іуқосымшасымен қатар А.Байтұрсынұлы еңбектерінде «тұйық рай» деп, Қ.Кемеңгерұлы оқулықтарында «неопределенная форма» ретінде танылғандықтан, оның шақтық мәні қарастырылмайды. Ал Қ.Жұбанов тұйық етістік (тұйықша – Қ.Ж.) қатарына -ұу/-үужұрнағын ғана жатқызады да, -мақ/-мекқосымшасын тұйық етістік ретінде танымайды. Сол себепті Қ.Жұбанов -мақ/-мекқосымшасын келер шақ мақсат тел есімше деп, есімше қатарына қосып, келер шақтың бір түрі (мақсатты келер шақ) ретінде қарастырады. С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев т.б. ғалымдардың еңбектерінде тұйық рай көрсеткіші ретінде -ыу/-іужұрнағы ғана танылады да, -мақ/-мекқосымшасы келер шақ көрсеткіші ретінде қарастырылады.
Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақты А.Ысқақов: «сөйлеушінің бұрын істелмекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формалар»‚ - деп түсіндіреді [А.Ысқақов, 340]. Жоғарыда аталған көрсеткіштердің бірқатарын ғалым басқа рай құрамында да, мәселен,