«Ер Қосай», «Орақ- Мамай» 25. ХІІІ-ХҮ ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэззияның өкілдері: Кетбұға, Қотан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан қайғы 26. Шыңғысханмен жыр арқылы сұхбаттасқан (Жошының өлімін хабарлаған):
Кетбұға «Ақсақ құлан» 27. Қазақ хандығы құрылған кезде мемлекеттін ұраншысы саяхатшысы, насихатшысы, «көшпелілер философы» атанған: Асан қайғы 28. Қазақстан аумағында ХІІІ- ХІҮ ғасырларда халық ауыз әдебитімен қатар жазбаша әдебиет дамыды: Қыпшақ тілінде 29. ХІҮ- ХҮ ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған туындылар: «Кодекс куманикус», «Оғызнама» 30. ХІҮ- ХҮ ғасырларда халықаралық қарым- қатынаста сөздік ретінде пайдаланылатын еңбек: «Кодекс куманикус» 31. ХІҮ- ХҮ ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасы:
«Хұсрау- Шырын» 32. Сүйіспеншілік, әділеттілік тақырыбын арқау еткен Дүрбектің поэмасы: «Жүзіп- Зылиха» 33. ХІҮ- ХҮ ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасы: «Мұхаббатнама» 34. ХІІІ- ХҮ ғасырларда қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын жазып қалдырған: Якуб. 35. ХІҮ- ХҮ ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындылары, күйлер: «Қамбар батыр», «Шора батыр», «Ескендір» 36. Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй- аңыздар: «Жошы ханның жортуы», «Сағыныш» (Қазтұған), «Ер айырылған» (Асан қайғы), «Ақсақ құлан»
Діни наным- сенімдер 37. Ислам діні Қазақстанда ҮІІІ ғасырда тарай бастағанмен, халықтың жүрек түкпіріне ХІХ ғасырдың аяғына дейін толық жете қоймағандағы туралы жазылған «Ислам діні» мақаласының авторы, қазақтың тұңғыш ғалымы: Ш.Уәлиханов 38. «Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезінде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді»- деп жазғанӨтеміс қажының кітабының аты: «Шыңғыснама» * «Шыңғыснаманың» авторы: Өтеміс қажы 39. ХІҮ ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар : Өзбек хан, Тоғылық-Темір 40. ХІҮ ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан: Тоғылық-Темір (1348-1362жж.) 41. Қазақстанда ислам дінінін тез қанат жая бастауының тағы бір себебі. Ислам дінінің суффизм тармағының таралуы * Себебі суфизмнің кейбір идеялары мен әдет- ғұрыптары шаманизмнің наным- сенімдеріне жақын болған.
42. Қуаңшылық жылдары, қасиетті бұлақ басына ақ құйып көктен жаңбыр сұрау ырымының
атауы: Тасаттық. 43. Тіл- көз тиюге қарсы, киелі аң- құстың тісінен, тырнағынан, қауырсынынан жасалып, мойынға тағылған зат: Бойтұмар 44.Қазақстанның байырғы тұрғындарының түсінігіндегі аспан әлемінің мағынасы: Көк Тәңірі. 45. Отпен тазарту ырымның атауы: Аластау 46. Қазақ хандығында үстемдік еткен, әлемдік діндердің бірі: Ислам 47. Қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды: ХҮІ-ХҮІІ ғғ. 48. ХІҮ- ХҮ ғасырларда Қазақстан жерінде өмір сүрген халықтар арасында екі діннің наным сенімдері қатар өмір сүрді. Бұл діндер Ислам және шаманизм