Қанның физикалық және химиялық қасиеттері



бет3/6
Дата16.06.2023
өлшемі0,85 Mb.
#101767
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Кан 2

Эритроциттердің қызметі

  • Тыныс алу, оттегіні өкпеден ұлпаларға және көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасымалдайды.
  • Қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қатысады (Hb буфері).
  • Ұлпалардан өкпеге суды тасымалдайды.
  • Біріншілік осмостық ауытқуларды қалпына келтіруге қатысады, олар микроосмометрлер тәрізді әсер көрсетеді (Х.Қ. Сәтпаева).
  • Кейбір улы заттарды адсорбциялайды.
  • Қанның ұюына қатысады.
  • Қан тобын анықтайды.

Гемоглобин – күрделі белок, хромопротеид, 96% глобин және 4% гем. Гемоглобиннің бір молекуласы О2 4 молекуласын байланыстырады, гем құрамына 2 валентті темір кіреді.

  • Гемоглобиннің түрлері:
  • HbP – примитивті, эмбрионның жатырда дамуының 9 аптасына дейін.
  • HbFфеталдық гемоглобин, ұрықта және жаңа туған нәрестелерде.
  • HbA - ересек адамда.

Гемоглобиннің газдармен қосылысы

  • Патологиялық:
  • HbCO - карбоксигемоглобин
  • HbOH – метгемоглобин
  • HbS - сульфгемоглобин

Қанның түсті көрсеткіші (ҚТК) – эритроциттердің гемоглобинмен қанығу дәрежесі.

  • Қалыпты ҚТК = 0,86 – 1,05 - нормохромия
  • ҚТК 0,86-дан төмен – гипохромия
  • ҚТК 1,05-тен жоғары – гиперхромия
  • ҚТК өзгермей эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің азаюы – нормохромды анемия
  • ҚТК =

Гемолиз – бұл эритроциттер қабығының бұзылып Hb-нің плазмаға шығуы. Қан мөлдір, «лак тәрізді» болады.

  • Гемолиздің түрлері:
  • Биологиялық.
  • Химиялық.
  • Механикалық.
  • Температуралық.
  • Электрлік.
  • Физиологиялық.
  • Осмостық.
  • Эритроциттердің осмостық резистенттілігі:
  • минималдық – 0,42-0,48% NaCl
  • максималдық – 0,32-0,34 % NaCl


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет