Қанның жас ерекшеліктері және жүрек-тамыр жүйесінің дамуы



бет1/3
Дата04.09.2022
өлшемі28,8 Kb.
#38439
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Қанның жас ерекшеліктері және жүрек тапсырма 11


Қанның жас ерекшеліктері және жүрек-тамыр жүйесінің дамуы
Жаңа туған нәрестеде орта есеппен эритроциттер 1 мл кубте — 7,2 млн, 5—6 айлықта 4—4,5 млн. болады. 1 жастан кейін олар кәмелетке толғанға.дейін бірте-бірте көбейе береді де ересектердегі секілді 1 куб. Мл-де 4,5—5 миллионға жетеді. Олар 30 күннен 120 күнге дейін өмір сүреді. Организмнен тыс кездің өзінде белгілі бір жағдайда олар бір айдан кем өмір сүрмейді.Гемоглобин – құрамында темір бар белок тектес зат. Ол эритроциттер мен қанға қызыл түс береді.
Гемоглобин өкпеде оттегімен байланысып, тұрақсыз қосынды – оксигемоглобин құрайды, ал тканьдерде оттегінің шамалы бөлігін беріп көмір қышқыл газымен байланьісьгп карбогемоглобинге айналады. Организмде ол тынысалу қызметін атқарады. Гемоглобин көміртегі тотығымен байланысып, анағұрлым тұрақты қосынды метгемоглобин құрай алады, ол оттегі болмаған жағдайда организмге өлім қаупін тудырады. Бұл нәрсені, әсіресе, отқа күйгендерге алғашқы көмек көрсету кезінде есте сақтау керек. Зақымданған адамды таза ауаға шығарып, қажет болған жағдайда қолдан дем алдырған жөн.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қанында гемоглобин құрамы 80—81%, 10—11 жастағыларда ересектердегі сияқты 85%-ке дейін болады. Құрамы 100% болғанда 100 мл қанда 17,3 г гемоглобин болады. Оның мөлшерінің 70%-тен төмен болуы (100 мл қанда 14 г) қан азайғандық немесе анемия деп аталатын ауруды керсетеді.
Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым онда қан азаю ауруы жеңіл өрістейді. Бұл қан жасайтын органдардың анағұрлым әлсіз қызмет етуі мен тыныс жолдарының жас ерекшелігіне байланысты оттегінің жеткіліксіз түсуінің салдарынан болады. Қанның азаюына біркелкі тамақтану нәтижесінде витамин мен темірдің жетіспеуі, таза ауада жеткіліксіз болу әсер етеді, ал бұл қандағы гемоглобиннің азаюына, соның нәтижесінде қан мен қан жасаушы органдардың әлсіреуіне әкеліп соғады. Сондай-ақ аурулар (грипп, ревматизм, туберкулез, бүйрек аурулары, гельминтоздар) да қанның азаюына жағдай туғызады.
Қаны азайған балалар мен ересектер тез шаршайды, жиі-жиі басы айналады, олардың терісі боп-боз болады, есте сақтау қабілеті мен зейіні төмендейді. Қан азаюдың алдын алу оны емдеу үшін жақсы демалыс, таза ауада ұзақ болу (бау, парк, орман, шалғын), жұмыс және демалыс бөлмесін жүйелі түрде желдетіп отыру, витамині жеткілікті нәрлі тамақтану қажет. Әсіресе, малдың бауыры мен қанынан дайындалған тағам, алма, сәбіз, бүлдірген, көк және қызыл жүзім аса пайдалы.
Егер пробиркаға құйылған қанға ұйытпайтын зат қосса, біраз уақыттан соң эритроциттер шөге бастайды. Бұл қасиет эритроциттердің тұну жылдамдығы (СОЭ) деп аталады. Бұл медициналық практикада ауруды анықтау үшін қолданылады, өйткені көптеген аурулар кезінде СОЭ жылдам тұнады. Балалар мен ересектер эритроциттерінің тұну жылдамдығы бірдей – бір сағатта 4-12 мм. Өкпе қабынғанда, грипп, туберкулез және басқа аурулар кезінде СОЭ сағатына 20-50 мм болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет