Қанның жас ерекшеліктері және жүрек-тамыр жүйесінің дамуы


Жүрек-қан тамыр жүйесінің негізгі қызметі



бет3/3
Дата04.09.2022
өлшемі28,8 Kb.
#38439
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Қанның жас ерекшеліктері және жүрек тапсырма 11

Жүрек-қан тамыр жүйесінің негізгі қызметі – тасымалдау арқылы организмде жүретін зат алмасу процесін жүзеге асырады. Тамырлар бойымен аққан қан тіндер мен жасушаларға тіршілігіне қажетті заттарды (ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, тұздар, оттегі) жеткізіп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдері мен көмірқышқыл газын алып кетеді. Бұдан басқа қан тамырлар арқылы эндокринді бездерден бөлінетін, зат алмасудың арнайы реттеушілері болып табылатын гормондар мен организмнің әртүрлі ауру тудырушы агенттерге қарсы қорғаныс реакциясына қажетті антиденелер тасымалданады. Осылайша тамыр жүйесі реттеушілік және қорғаныстық қызметтер атқарады. Жүйке жүйесімен бірігіп организмнің тұтастығын жүзеге асыратын мүшелер мен жүйелер жұмысын реттейді.Тамырлар жүйесі ішінде ағатын сұйықтығына байланысты қан тамыр және лимфа жүйесінен тұрады. Екі жүйе бір-бірімен анатомиялық –физиологиялық тұрғыдан ұқсас болып, бірін-бірі толықтырғаныменен, өздеріне тән ерекшеліктері де бар.Қан организмде қан тамырлар бойымен қозғалады. Жүрек қан тамыр жүйесі жүректенжәне қан тамырларынан тұрады. Қан айналым жүйесінің орталық мүшесі-жүрек ырғақты жиырылуы арқылы қанды қан тамырларына айдайды. Жүректен қанды әкететін тамырлар артериялар, ал жүрекке қанды әкелетін тамырлар веналардеп аталады. Қан айналым жүйесінің артериалды және венозды бөліктері микроциркуляторлық арнаның көмегімен қосылады. Арнаның негізгі бөлігін -қабырғасы арқылы қан мен тін арасында зат алмасу процесі жүретін капиллярлар құрайды.Қан тамырларының құрылысы мен ерекшеліктері. Артериялардың қабырғасы ішкі, ортаңғы және сыртқы қабықтардан тұрады.
Ішкі қабығы, tunica intima,эндотелийден, базалды мембранадан және эндотелий асты қабатынан тұрады, ортаңғы қабықтан ішкі эластикалық мембрана арқылы бөлінеді. Ішкі қабығында қан тамырлары болмайды, өзіне қажетті қоректі заттарды тікелей қаннан алады. Ортаңғы қабығы, tunica media, сақина тәрізді тегіс бұлшықет талшықтарынан тұрады. Ет талшықтарының арасында эластикалық және коллагенді талшықтар да болады, сыртқы қабықтан сыртқы эластикалық мембрана арқылы бөлінеді. Бұлшықеттер жиырылуы арқылы тамыр қабырғасын қозғалтса, эластикалық элементтер тамырларға серпімділік және беріктік қасиет береді. Сыртқы қабық, tunica externa, коллагенді және эластикалық талшықтардан тұратын борпылдақ талшықты дәнекер тінінен құралған. Онда артериялар қабырғасын қоректендіретін тамырлар мен жүйкелер орналасады. Артериялар вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерімен жүйкеленеді. Симпатикалық жүйкелер қан тамырларын тарылтады, ал парасимпатикалық жүйкелер кеңейтеді.

Қабырғасының құрылысына байланысты артериялар эластикалық, бұлшықетті және аралас типті болып бөлінеді.Эластикалық типті артерияларға жүректен шығатын ірі тамырлар – қолқа мен өкпе сабауы жатады. Олардың қабырғасында эластикалық талшықтар көп, сондықтан да жүректен шыққан қанның қысымы әсерінен созылып, қайта қалпына келе алады. Бұлшықет типті артериялар көлемін өзгертетін мүшелерде (ішектер, несеп қуығы, жатыр), аяқ-қолдарда орналасады. Олардың ортаңғы қабығында эластикалық талшықтары аз, ет талшықтары көп болады. Аралас типті (бұлшықет-эластикалық) артерияларға ұйқы, бұғана асты артериялары жатады.


Жүректен алыстаған сайын тамырлардың қабырғасындағы эластикалық талшықтардың саны азайып, ет талшықтары көбейеді. Сондықтан да артериялардың созылғыштығы шетке қарай төмендейді де, жиырылғыштығы артады.
Артериялар мүшеге қанды әкелетін – мүшеден сыртқы және мүшеде тармақталатын – мүше ішілік болып бөлінеді. Мүше ішілік артериялардың құрылысы орналасқан мүшенің құрылысы мен қызметіне байланысты. Тығыз мүшелерде (бауыр, өкпелер, бүйрек, көкбауыр) артериялар үлестер, сегменттер және үлесшелер бойымен тармақталады. Қуысты мүшелердің (ас қорыту жолы, несеп жыныс мүшесінің шығарушы жолдары) артериялары мүшенің бір жағынан еніп, оның қабырғасында сақина тәрізді немесе бойлық бағыттарда тармақталады.
Веналардың қабырғасы артериялар тәрізді үш қабықтан құралған, бірақ қабырғасындағы эластикалық және бұлшықет талшықтары артерияларға қарағанда нашар жетілген, сондықтан да іші бос веналар қабырғасы қабысып тұрады.
Жүрек-қан тамыр жүйесіВеналарда қанның жүрекке қарай қозғалысын жеңілдететін қақпақшалары болады. Қақпақшалар венозды тамырлардың ішкі қабырғасында жұп болып орналасады, пішіндері жарты ай тәрізді, олар қанды жүрекке қарай өткізіп, кері ағуына кедергі келтіреді. Қақпақшалар аяқ веналарында өте көп кездеседі. Жоғарғы және төменгі қуысты веналарда, бас веналарында, бүйрек веналарында, қақпа және өкпе веналарында қақпақшалары болмайды.
Веналар орналасуына байланысты беткей және терең болып бөлінеді. Аяқ -қолдарда терең веналар аттас артериялар қасында жұп болып орналасады, сондықтан оларды күндес веналар деп атайды. Терең веналар жанында орналасқан артериялармен аттас болады (иық артериясы-иық венасы). Беткей веналар терең веналармен анастомоздар арқылы байланысады. Көршілес веналар бір-бірімен тығыз байланысып мүшелердің қабырғасында веноздық өрімдер түзеді. Организмдегі ірі вена тамырларының салалары бір-бірімен анастомоз түзеді. Мысалы: каво-кавалды, каво-порталды және каво-портокавалды анастомоздардың арқасында веноздық жүйелер бір-бірімен байланысады.
Микроциркуляторлық арна тамырлары бес тамырдан құралады: артериола, прекапилляр, капилляр, посткапилляр және венула. Олар бір-бірінен қабырғасының құрылысына байланысты ерекшеленеді. Артериолалар мен венулалардың қабырғасында бір қабатты ет талшықтары орналасады, ал прекапиллярлар мен посткапиллярларда бір қабат ет талшықтары шашыраңқы орналасады. Капилярлардың қабырғасы бір қабат эндотелий жасушаларынан тұрады, олардың жуандығы шаштың жуандығынан бірнеше есе кіші. Микроциркуляторлық арна тамырларының ішінде тек капиллярлар қабырғасы арқылы ғана тін мен қан арасында зат алмасу жүреді.

Қан айналым шеңберлері. Барлық сүтқоректілер сияқты адамда да қан үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің бойымен қозғалады. Екі шеңбер үзіліссіз бір-біріне жалғасады және әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Үлкен қан айналым шеңбері бойымен қозғалған қан организмдегі тіндер мен жасушаларға оттегі, қоректік заттар, тұздар, витаминдер мен гормондарды жеткізіп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдерін әкетеді. Кіші қан айналым шеңбері қанның газдық құрамын жаңартады.


Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан шығатын, ең ірі артериалдық тамыр - қолқадан басталады. Қолқа көптеген жұп және тақ артерияларға бөлініп, адам денесінің бүкіл бөліктеріне таралады. Дененің барлық мүшелері мен тіндеріне қоректік заттар мен оттегі жеткізіп, олардан зат алмасу өнімдері мен көмірқышқыл газын әкетеді, яғни артериялар капиллярлар арқылы веналарға айналып, денедегі бүкіл веналар жоғарғы және төменгі қуысты веналарға жиналып, жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Осы жерде үлкен қан айналым шеңбері аяқталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет