Жылына қант алмастырғыштарды бір адам 55-56 кг қолданады.
Биотехнологиялық үрдістің нан өндірісінде, тағамдық органикалық қосылыстарды дайындауда (сірке қышқылы, лимон қышқылы), дәмдік қоспалар (ароматизаторлар), саңырауқұлақтарды өсіруде және тағам өніркәсібінің салаларында қолданады.
Көкөністерді консервлеу кезде ең алдымен рассол дайындалады, бұл кезде микробиологиялық процесс ашыту жүреді. Ең бірініші көкөністердің бетінде аэробты микрофлораның өсуі жүреді. Содан кейін процесске Lactobaccilus туысына жататын сүтқышқыл бактериялар және Saccharomyces, Torulopsis туыстарына жататын ашытқылар қосылады. Ашыту кезінде сүт қышқылы және сірке қышқылы пайда болады. Ашту процесі тоқтатылады, бірақ кейбір ашытқылар Candida, Debaromyces, Pichia рассолдың бет жағында өсе береді. Қазіргі кезде тағамдық биотехнологияда көкөністерді консервлеу кезде сүт қышқылды микроорганизмдердің штамдарын пайдаланады. Консервлеудің ең соңғы сатысанда пастеризация әдісін қолданады, себебі микроорганизмдер жойылады, ал тағамның дәмі жақсарады.
Оливки дайындау кезінде щелокпен өңдейді және тұздауды қолданады. Жасыл жемістерді консевлеу кезінде, сүт қышқыл ашу процесі Leuconostoc mesenteroides және Lactobacillus plantarum пайдаланады. Бұл процесс 6 ж»не 10 ай өтеді. Піскен оливкалар мүлдем ашымайды немесе микробиологилық ашу процесі аз жүреді. Кофе және какао. Микроорганизмдер ең басты қызмет атқарады. Жемістреді сулау кезінде олардың бт жағында сүт қышқылды бактериялар мен ашытқылар дамиды, олар тұқымнан жемістің ажыратуын қамтамасыз етеді. Ерігіш кофе дайындау кезінде микробтық шығу тегі бар ферментті препараттарды және целлюлолитикалық әсер етушілерді пайдаланады.
Консервлеу үшін көпкомпонентті ертінділерді пайдалануға болады. Мысалы, жоғарғы және төменгі температурада қайнау қасиеті бар қосылыстарды пайдалану кезінде тағамның қасиеттері жақсарады. Консервант ретінде қосымша тағамдық субстрат қызметін атқаратын қосылыстарды пайдалануға болады. Кейбір жағдайларда консервлеу үшін органикалық қышқылдарды (сірке, пропион, сүт, лимон қышқылдарын) пайдалануға болады.