Ќант ќызылш асы


Биологиялық ерекшеліктері



бет2/12
Дата07.03.2022
өлшемі211,5 Kb.
#27193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ҚонысбайӨсімдік шаруа

Биологиялық ерекшеліктері. Қант қызылшасы екі жылдық өсімдік.

Қант қызылшасының бірінші жылындағы вегетациялық кезең ұзақтығы 150-170, ал екінші жылы - 100-130 күн. Алғашқы 50-60 күнде негізінен жапырақ өседі, келесі 50-60 күнде - тамыр, ал соңғы 50-60 күнде тамыржемісіне қанттар жиналады.

Қант қызылшасының тұқымы 3-4°С өніп шыға бастайды. Дәннің бөртуі үшін құрғақ тұқым салмағымен салыстырғанда 130-150% ылғал қажет.

Қант қызылшасы тұқым жарнағын топырақтың бетіне шығаратындықтан, тұқым себер алдында топырақты мұқият өңдеп, өсімдік көгінің уақытында пайда болуына кедергі келтіретін топырақ қабыршақтары жойылуы керек.





Тұқым жарнағының топырақ бетіне шығуы мен оның көгеруін қосқұлақтану сатысы деп атайды. Тұқымы өніп шыққаннан 8-10 күн өткеннен кейін, нағыз жапырақтардың бірінші жұбы пайда болады. Әрі қарай әр 2-3 күннен кейін үш жұпқа дейін жаңа жұп жапырақтар, сонан соң дара жапырақтар шығады. Барлығы 60-80, кейде одан да көп жапырақтар түзіледі.

Қант қызылшасы өсу жағдайына өте көп талаптар қояды. Қант қызылшасы тамырында жиналатын қанттың мөлшері жарық қарқынына тікелей байланысты болуынан, жауын-шашынды бұлыңғыр ауа райында тамыржеміс өнімі мен оның қанттылығы төмен болады. Қант қызылшасы ұзақ жарық күн өсімдігі.

Дақылдың жылуға талабы орташа. Өсіп-жетілуіне қолайлы температура 20-22°С. Қосқұлақтану сатысындағы өскіндер 3-4°С үсікті көтермейді, бірақ екі нағыз жапырақты сатыда 6-7°С үсікке шыдамды.

Қант қызылшасы ылғалды көп қажет етеді. Сонымен қатар, қант қызылшасы өзінің мықты тамыр жүйесінің арқасында топырақтың терең қабатынан өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етуіне байланысты, құрғақшылыққа да төзімді өсімдікке жатады.

Бұл дақыл топырақ аэрациясына жоғары талап қояды. Ауа тұқымның өніп-өсуі мен тамыржемістер құралуының барлық кезеңдерінде қажет. Ауыр, нашар өңделген топырақтарда ауаның жеткіліксіз болуынан тамыржемістердің өсіп-жетілуі нашарлап, өнім төмендеп кетеді.

Топырақ қышқылдылығына қант қызылшасы сезімтал. Оған топырақ ортасының реакциясы бейтарап және әлсіз сілтілі болуы өте қолайлы (рН 6,5-7,5).

Қант қызылшасы қоректік заттарға бай қара, қоңыр топырақты жерлерде мол өнім береді.

Республикада қант қызылшасы негізінен Алматы және Жамбыл облыстарында егіледі, ол жерлердің топырақ типі – қарапайым сұр.

Елімізде оның 28 сорты аудандастырылған: Ялтушковская односемянная, Ялтушковская односемянная 30, Рекорд, Ризор, Роксан, Амели және т.б. Соңғы жылдары аудандастырылған сорттары - Венера, Георгина, Ленора және будандар ЦКАЗМС-44, КазМС-19, КазСИБ-14.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет