ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАБЫЛДАҒАН: САРТАЕВА А.А. ОРЫНДАҒАН: ӨМІРХАНҚЫЗЫ Б. АНТИГЕНДЕР.АНТИГЕНДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ. АНТИГЕНДЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ. Макроорганизм онтогенез кезінде бөгде заттармен, бейжасушалық тірлік түрімен және де биологиялық текті молекулалармен үнемі тікелей қарым-қатынаста өтеді. Олардың барлығы макроорганизмге бөгде болгандығынан жасырын қауіптілігі болады. Олармен тікелей қатынас нәтижесінде организмнің ішкі тұрақтылығы (гомеостаз) бұзылып, биологиялық процестер тежеліп, макроорганизмді өлімге душар қылуы мүмкін. Сондықтан, биологиялық бөгде заттар эволюцияның ерте кезеңінде құрылған иммундық жүйеге қауіп төніп тұрғанының ескерту дабылы болады. Олар жүре келе пайда болған иммунитеттің негізгі тітіркендірушісі. Сондай нысандар антиген деген атқа ие болды
Антиген - макроорганизмге еңген кезде иммундық жүйе танитын жэне оны жою үшін иммундық тітіркену тудыратын, организм үшін генетикалық бөгде органикалық биополимер
Антигеннің макроорганизмге кіру жолдары әр салалы: тері, не шырышты қабықша арқылы, организмнің ішкі ортасына тікелей кіру, не организмнің бойында құрылу. Антигендер иммунитетке жауапты жасушалармен танылып тізбектелген иммундық реакциялар туғызып, ал ол реакциялар антигенді бейтараптап, бұзып жэне олардан арылуға бағытталады. Қазіргі заманғы көзқарас бойынша антиген туралы ілім организмнің иммундық қорғанысының молекулалық генетикалық механизмін және де ауруды иммундық емдеу мен иммундық алдын алудың принциптерін түсіну негізінің кілті болып табылады.
Антигендердің антигендік, спецификалық жэне иммуногендік деп аталатын басты қасиеттері болады. Антигендік.Антигендік дегеніміз ол антиген молекуласының иммундық жүйее бөлімдерінің белсенділігін арттырып және иммунитет факторларымен (антидене, эффекторлық лимфоциттердің клоны) спецификалық байланысқа түсу қабілеті. Иммундық жүйенің бөлімдерімен байланысуга антигеннің тек кана белгілі бір бөлігі жауапты. Антигеннің ол бөлігі "антигендік детерминант" не “эпитоп" деп аталады