Антигендер. Антигендердің жіктелуі. Антигендердің Қасиеттері



бет3/3
Дата13.04.2023
өлшемі109,65 Kb.
#82292
1   2   3
Байланысты:
АНТИГЕНДЕР

Табиғатына сәйкес: ақуызды (протеидтер), не бейақуызды (полисахаридтер, липидтер, липополисахаридтер, нуклиен қышқылдары т.б.) биополимерлер, молекулалық қүрылысы бойынша: глобулиндік (молекуласы шар тәрізді) және фибриларлық (жіп тәрізді), ал иммуногендік дәрежесі бойынша құнды жэне құнсыз болып бөлінеді.
Адамның қан тобының антигендері эритроцитердің мембранасынан жеңіл анықталатындылығынан, олар “эритроцитарлық антигендер” деп аталынды. Бүгінгі күнде 250 ден астам әртүрлі эритроцитарлық антигендер табылған. АВО мен Кһ (резус-фактор) жүйесі антигендерінің аса зор клиникалық маңызы бар. Сондықтан олар қан кұйғанда, емдеуде, орган мен тін ауыстырганда, әйелдердің жүкті кезінде, иммундық ауытқулардың алдын алу мен емдеуінде үнемі есте болу керек. АВО жүйесінің антигендері адамның қан және тін жасушаларының барлығының мембранасында, бірақ ең көріністілері эритроциттерде болады. Сонымен қатар, адамдардың 80 пайызында айтылған антигендер қан плазмасында, лимфада, шырышты қабықшаның секретінде, және де басқа биологиялық сүйықтықтардан табылады.
Көрнекті Ресей микробиологы жэне иммунологы Л.А.Зильбер 1948-1949 жылдары ісіктің вирустық теориясын зерттеу жолында қатерлі ісіктің тінінде спецификалық антиген бар екенін дәлелдеген. Ондай антигендер болуының мүмкіндігі туралы алғашқы мәліметтер ХХ-шы ғасырдың 40-шы жылдары әйгілі болған еді. Кейінірек, XX ғасырдың 60-шы жылдары. Г.И. Абелев (тышқандарға сынақ қойганда) және Ю.С. Татаринов (адамды тексергенде) бауырының біріншілік қатерлі ісігі бар аурулардың қан сарысуынан сарсулық альбумин- альфафетопротеиннің эмбрионалдық нүсқасын тапқан еді. Қазіргі уақытта ісікпен байланысты антигендер қатерлі ісіктің бірталай түрінде табылып сипаталған, одан арман кейбіреуінің гендері клондалған (таза түрде алынған). Бірақ, ісіктің барлық түрінде спецификалық көрсеткіш антигендері болмайды, болған жағдайда қатаң тіндік болмауы мүмкін. Ісікпен байланысты антигендер орналасуына және шығу тегіне сэйкес жіктеледі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет