Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты



Дата05.02.2023
өлшемі55,29 Kb.
#65302

Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты

Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік дәуірде өмірге келді.


Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
«Антикалық философия» термині б.д. дейінгі VI ғ. басталып б. д. VI ғ. дейін (529 жылы соңғы грекиялық философиялық мектеп - платондық академияның император Юстинианның әмірімен жабылуына дейін) өмір сүрген ежелгі гректер мен ежелгі римдіктердің философиясын біріктіреді. Ал, біздің д. VI ғ. Рим империясы құлағаннан кейін орта ғасырлық философияға жол берді.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.


ЕЖЕЛГІ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
МЕН ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТКЕН АЛҒЫШАРТТАР:

Ертегрек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:



  1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. VII-VI ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.

  2. Классикалық кезең (б.д.д. V-IVғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

  3. Римдік-эллиндік кезең (б.д.д IIIғ. соңы мен б.д. IIIғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.

Аталған дәуірлерде Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды. Бұл ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқтырды.


Сонымен қатар, антика философиясының қалыптасуына Крит-Микен, Гомерлік Греция кезеңдеріндегі әдеби-діни-мифологиялық көзқарастар және күнделікті өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіруі арқасында қалыптасқан әлемнің субстанционалдық негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті. Демек, антикалық дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып, философияның көзқарастық және рационалдық-жүйелілік жақтарын тығыз байланыстыра қарастырып, алғашқы философиялық ой-пікірдің қалыптасып, кейінірек келе оның классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды. Б.д.д. VІІ-V ғғ. антикалық рухани даму мифологиялық, діни көзқарастан ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д. V-ІІІ ғасыр ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынан түсіндіріп, философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді – Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі. Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген, жеті данышпан қатарына жататын солардың ішінде ең сыйлысы Фалес болды (шамамен б.д.д. 625-547 ж.ж.). Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз астрологиясы» деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген. Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы – су. Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы Анаксимандр (шамамен б.д.д. 611-545 ж.ж.) жалғастырды. Негізгі еңбектері: «Табиғат туралы», «Жер картасы», «Глобус». Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтереді. Бастаманы ол заттардың түпнегізі – айперонмен теңестіреді. Олай болса, айперон бастама да, түпнегіз де. Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б.д.д. VІ ғ. ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі – «Табиғат туралы». Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Ауа – шексіз (аепейрос). Сөйтіп, Анаксимандрдың аепейроны түпнегізден ауаның қасиетіне айналды. Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (шамамен б.д.д. 544-483 ж.ж.) болды. Оны іліміндегі терең ойлары үшін «тұңғиық» деп атаған. Негізгі еңбегі: «Табиғат туралы». Гераклит заттардың бастамасын от деп есептеген. От мәңгі және құдай тектес. Пифагор (б.д.д. 580-500 жж.) Б.д.д. VI ғасырдың аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан «Ұлы Элладаға» ауыса бастады. Осы кезеңде оңтүстік Италия мен Сицилияда «пифагоршылар мектебі» деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алады. Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына қарсы болып, құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керектігін уағыздады. Пифагордың пікірінше, сандар – барлық заттардың, ғарышты, ғарыштың негізі. Оның ғарыштың бастамасы, негізі деп отырған сандары жай күнделікті өмірде қолданып жүрген сандар емес, олар – ғарыштың реттілігін, үйлесімділігін көрсететін сандар.
Б.д.д. VІІ-V ғғ. антикалық рухани даму мифологиялық, діни көзқарастан ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д. V-ІІІ ғасыр ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынан түсіндіріп, философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді – Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.

Жалпы алғанда антикалық философияға мына ерекшеліктер тән:


Антикалық философияның алғашқы мектептерінің ерекшелігі олардың “ғарышты”, “табиғатты” түсінуге бағытталған космоцентризмі болды. Тіпті санасымен және жанымен философиялық ілімдерде маңызды орыны бар адамның өзі ең алдымен табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде саналды.
Антикалық философияның пәні - негізінен ғарышты, табиғаттың құрылымдығын және оның ажырамас бөлігі ретінде адамды да тану. Бұл жерде табиғат, грек философиясында о баста - ақылдың үстінен өктемдік құратын күш емес, ойдың пәні.
- екіншіден, антикалық философияның пайда болуы алғашқы қауымдық сана түрі ретіндегі мифологияны жеңуімен байланысты.
- үшіншіден, бүткіл (антикалық) көне философия объектившілдік принципте құрылды.
Антикалық мәдениетің символдарының атасы, бөлек заттық дене болып есептелінді. Ол туралы Шпенглер былай дейді: «Көне әлем, ғарыш, реттілікпен көз жетерлік көптеген заттар, бәрінен таяу орналасқан және көк күмбезбен тұйықталған. Олардан басқасы бар болмайды. Біздің осы қоршалған қабықша шектерінің ар жағындағы жаңа «кеңістікті» ойлау қажеттілігіміз –антикалық әлемдісезуде болған емес».Олар үшін жан (қозғалыс және өзіндік қозғалыс принципі) және ақыл (бейне бір біртұтас көркемділік ретінде) ең алдымен объективті - ғарыштық күштер ретінде сипатталады, ал адами жан мен ақыл олардың объективті баламасының әлсіз көрнісі. Субъект ешуақытта объектіден жоғары қойылмайды. Керек десе: адам микроғарыш, барлық ғарыштық күштер, күтпеген апаттар сол арқылы жүреді және сол арқылы іске асады. Бұдан көне (антикалық) философияда Әлемдік ғарыштан адамға қарай жасалатын бағыт басыңқы екендігін көреміз. Философиялық танудың ең басты әдісі – зерде арқылы бүтін, бүтін түрінде пайымдалды.
- төртіншіден, антикалық философия пантеистік тұрғыда болды. Ғарыш ол үшін абсолютті, құдіретті, ал бөлек құдайлар - тек сол ғарыштың әр түрлі жақтарының қарекеттерінің принциптері немесе табиғаттың. Оның үстіне антикалық космогониялық теориялардың жетілген түрлерінің өзінде, құдайлар әлемді жоқтан жаратпайды, оларға табиғаттың қатысуымен қажеттілігіне қарай тек түрін береді.
Антикалық философтар «бірегей, жеке тұлғалы адам» ұғымын қарастырған жоқ. Ал оның орнына идеалданылған үлгі ретіндегі «ойлыақылды адамды» қарастырды. Тағдыр көне философияда ғарыштық қажеттілік (тіптен құдайлардың өздерін бағындыратын) ретінде түсініледі және ол адамдарға да байланысты қолданылады. Ал антикалық адам өзінің шыққан тегін, не өзінің қалай пайда болғанын, не өзінің ақырғы мақсаттары білмегендіктен тағдырдың жазғанына қарамастан батыр сияқты қарекет жасайды. Антикалық грекия философиясының дамуын мына кезеңдерге бөлуге болады:
Бірінші кезең - натурфилософиялық немесе космологиялық (біздің дәуірімізге дейінгі VI ғ. –дан - біздің дәуірімізге дейінгі V ғ. ортасына дейін) негізінен «физис» және ғарыштық мәселелерге, барлық заттардың субстанциясын іздеуге баса назар аударуымен сипатталады. Екінші кезең - антропологиялық (біздің дәуірімізге дейінгі V ғ. 2- ші жартысынан біздің дәуірімізге дейінгі V ғ.соңына дейін) адамда өздерінің зерттеулерінің негізгі пәні ретінде қарастырады, оның мәнін анықтауға тырысады. Үшінші - жүйелілік кезең (біздің дәуірімізге дейінгі V - IV ғғ.) Платона мен Аристотелдің сезімдіктен жоғарылықты және категориялар диалектикасын ашумен сипатталады және бұл, негізгі философиялық проблемаларды қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Төртінші - этикалық кезең (біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғ.. -дан біздің дәуіріміздің І ғ. дейін.) ең алдымен философияны, адамдық өмір ережелерін жасайтын өнегелік туралы ілімдер деп түсінумен байланысты. Бесінші кезең - діни кезең (І ғ. -дан VI ғ. -ға дейін) философия негізгі объектісі ретінде Құдай жасағанын тануды мақсат етеді.
Көне заман дәуірінде Грецияның ең дамыған облысы Иония болды, осында антиканың бірінші философиялық жүйесі – натурфилософия пайда болды. Оның өкілдері табиғатты, оның заңдылықтарын түсініп, барлығының алғашқы негізін айқындауға тырысты. Сонымен Фалес барлық заттардың алғашқы негізі деп – суды, Анаксимен – ауаны, Анаксимандр – апейронды (шексіз) атады, олар дүниені біртұтас материалдық бүтін деп қабылдады. Көрнекті математик Пифагор (б.з. дейінгі 6 ғ.) дүниенің алғашқы негізі сандар мен сандық қатынастар деп санады. Гераклит шындықтың негізі – от деп болжаған, ол болмыс үнемі өзгерісте, қозғалыста, мәңгі күресте болады деп санаған.
Грек-парсы соғысы Ежелгі Греция тарихындағы аралық кезең болды (б.з. дейінгі 500-490 ж.ж.). Олар антика полисі – көне заманды қалыптастыру кезеңін аяқтайды және гүлдену кезеңі – классикалық басталады. Гректердің парсыларды жеңуі, классикалық құл иеленудің қалыптасуы, полисті демократияның дамуы б.з. дейінгі V ғасырда Грецияның экономикалық және саяси өмірінің өркендеуіне және мәдениетінің дамуына себеп болды. Мәдениет орталығы Афина болды, әсіресе Периклдің тұсында (б.з. дейінгі 444-429 ж.ж.).Классикалық кезеңде философия дамиды, Демокриттің атомистік теориясы пайда болады (б.з. дейінгі 470 немесе 460 ж.ж.), софистік бағыт (Протагор) пайда болады, ол танымның объективті сипатын мойындайтын Демокриттен айырмашылығы қанша адам болса, сонша шындық болады деген. Софистерден Сократ шыққан (б.з. дейінгі 469-399 ж.ж.), ол абсолютті шындық бар, бірақ оны тек құдай ғана біледі деп санаған.
Б.з. дейінгі V ғ. әдебиетте комедия мен трагедия негізгі жанр болып саналды. Грек трагедиясы гомер эпосы тәрізді эстетикалық қана емес, тәрбиелік функция да атқарды. Трагедия авторлары көрерменді қызықтырып қана қоймай, оларды қорқытып, кейіпкерлерді мысалға ала отырып, құдай заңдарының әрекетін көрсетуге тырысты. Трагедияда катарсис (тазару), адамдардың адамгершілік қасиетін арттыру, қайғысына ортақтасу және аяушылық білдіру арқылы жанды «сұрқиялықтан» босату ұғымы орын алды.
Классикалық грек трагедиясын жасаушы Эсхил (б.з. дейінгі 525-456 ж.ж.) болды. Ол драманы динамикалы етіп, екінші ойнаушы адамдарды енгізді, оның аты декорациялар, маскалар қолданумен байланысты.Эсхилдің негізгі мотивтерінің бірі – азаматтық ерліктерді, отан сүйгіштікті дәріптеу, және де жаза тақырыбы. Эсхил трагедиялары діни-этикалық шекарада шындық, әділдік, игілік ұғымдарын анықтайды: құдайлар белгілеп, бақылайтын әділ жазалаудың болмай қалмайтын заңы болды. Эсхилде құдайлардың еркі әділ, бірақ құдайларға жаңа қатынастың элементтері енгізіледі, Афина азаматтары мен олимпшілер бейнелерінің әлеуметтік құндылықтарының арасы салыстырылды. «Бұғаудағы Прометей» трагедиясында отты тапқан адамдар алып Прометейдің айтуымен қатал, құдіретті Зевсті шақырады.
Б.з. дейінгі IV ғ. Греция тарихы – бұл полис дағдарысының тарихы. Бірінші белгілері Афина мен Спарта арасында Афинаның жеңілуімен аяқталған Пелопоннен соғысы кезінде (б.з. дейінгі 431-404 ж.ж.) пайда болды. Полис дағдарысы заңды құбылыс болды. Грецияда тауарлық-ақша қатынастарының дамуы жерге жеке меншіктің таралуына әкелді, ол антиканың меншік формасы – қала-мемлекеттің экономикалық базасын ығыстырып шығарды. Дағдарысқа байланысты полистің азаматтар ұжымы ретінде идеологиясы өз мәнін жоғалтады. Индивидуализм, жеке басының амандығын тілеу дамып, парсыларға қарсы соғыста үлкен роль атқарған отансүйгіштік рухы жоғалады. Дағдарыс кезеңінде Греция ісіне басқа елдер араласа бастайды, оның ішінде Парсы елі, Македония. Соңында б.з.д дейінгі 338 ж. Греция өзінің саяси тәуелсіздігін жоғалтып, македон патшасы Филипп ІІ бағынады.
IV ғасырдағы Греция полистерінің қоғамдық өміріндегі саяси дағдарыс адамдардың жеке тілектері мен қажеттіліктерін құнттап, өзін-өзі жетілдіруде өз жеке бақытын іздеуге әкелді. Осы заман философиясында киниктер өте әйгілі болды (Антисфен, Диоген). Олар адам зұлымдықтан бойын аулақ салып, азды қанағат ету керек, бұл оның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді деген. Алайда киниктердің тәуелсіздігі мәдениетті, отбасыны, дүние-мүлікті, мемлекетті, қоғамдық белгілерді жоққа шығарды.
Полис дағдарысының дәуірінде екі белгілі антика философы Платон мен Аристотель өмір сүрді. Осы кезеңде шешендік өнер (Демосфен) жоғары деңгейге жетеді. Б.з. дейінгі IV ғ. ең белгілі тарихшы Ксеносфонт болды.
Греция тарихындағы жаңа кезең Филипп ІІ ұлы Александр Македонскийдің (б.з. дейінгі 356-323 ж.ж.) Шығысқа жорығы болды. Жорық нәтижесінде (б.з. дейінгі 334-324 ж.ж.) Дунайдан Индаға дейін, Египеттен қазіргі Орта Азияға дейін созылған үлкен держава құрылды. Эллинизм дәуірі, грек мәдениетінің А. Македонскийдің барлық державасына таралатын дәуірі басталады.Эллинизм дәуірінде ғылым мен техника дамиды. Осы кезеңнің атақты ғалымдары Архимед, Евклид, Эратосфен және басқалар болды. Эллинизм өнері сол қарқынды дәуір адамдарын толғандырған идеяларды суреттеді, ал көркем мәдениет Жерорта теңізінің әр түрлі облыстарындағы өнердің көптеген түрлерін дамыту негізі болды. Б.з. дейінгі 1 ғ. соңынан эллинистік мемлекеттер құри бастағанда антика әлемінде рим өнері жетекші мәнге ие бола бастайды. Ол өзіне Греция мәдениеті мен өнерін сіңіре отырып, зор Рим державасының көркем практикасына үлесін қосты. Гректердің антикалық антропоцентризміне римдіктер парасатты дүниетаным белгілерін енгізді. Ойлау дәлдігі мен тарихилығы, қатаң проза гректердің миф шығармашылығының мәнді поэтикасынан бөлек көркем мәдениет негізі болды.
Рим өнері антика көркем мәдениетінің үлкен кезеңін аяқтайды. 395 ж. Рим империясы Батысқа және Шығысқа бөлінеді. IV-VII ғ.ғ. варварлар қиратқан, тонаған Рим босап қалды, оның құлаған орнында жаңа селолар пайда болды, бірақ рим өнерінің дәстүрлері жалғасын тапты. Ежелгі Римнің көркем бейнелері Қайта Өрлеу заманының шеберлерін шабыттандырды.
Сонымен, егер философия –барлық ғылым атаулының көшбасшысы десек, ал антикалық философия – философия ғылымының көшбасшысы ретінде ең алдыңғы қатарында тұр.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Философия Д..Кішібековтың басшылығымен А.,1991


2.Философия және мәлениеттану А.,1988
3.Философия Ә. А.Тұрғынбаев, А., 2001
4.О жизни, учениях и изречениях знаменитых философов Диоген Лаэртский М.,1979
5.Антология мировой философии В 4-х томах М.,1963-1966
6.Философиялық сөздік А.,1996

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет