Этил спирті – дезинфекциялық (тігіс жіптерін залалсыздандыру, құрал-саймандарды өңдеу үшін) және сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат ретінде хирургтың қолын, операциялық алаңды, жараларды өңдеуде, компресс салғанда қолданылады. 700 спирт – антисептикалық, ал 960 –антисептикалық және теріні құрғатып бітеу әсерлерін көрсетеді.
Альдегидтер
Формалин – формальдегидтің 37% ерітіндісі. Күшті дезинфекциялық әсер көрсетеді. 0,5-5% ерітінділері қолғаптарды, дренаждарды, құрал-саймандарды залалсыздандыру үшін қолданылады. Антипаразитарлы зат ретінде эхинококкозды емдеуде тиімді, сонымен бірге биопсиялық препараттарды тұрақтандыру үшін қолданылады. Құрғақ күйінде газды залалсыздырғыштарда оптикалық құрал-саймандарды (лапароскоптар, эндоскоптар және т.б.) өңдеу үшін қолданылады.
Лизол – күшті дезинфекциялық әсер көрсетеді. 2% ерітіндісі күтім заттарын, бөлмелерді, ластанған құрал-саймандарды өңдеу үшін пайдаланылады.