Хлоргексидин биглюконаты – сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. 0,5% спирттік ерітіндісі хирургтың қолын, операциялық алаңды өңдеуде қолданылады.
Церигель – сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Қаптаушы (пленка түзуші) әсері бар.
Дегмин, дегмицид – сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Хирургтың қолын, операциялық алаңды өңдеуде пайдаланылады.
Нитрофуран туындылары
Фурациллин – сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Іріңді жараларды, шырышты қабаттардың инфекцияларын емдеуде пайдаланылады.
Лифузоль – құрамында фурациллин, линетол, қара май, ацетон бар. Сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Пленка ретінде жағылады.
Фурадонин, фурагин, фуразолидон – химиотерапиялық дәрілер немесе уросептиктер. Несеп шығару жолдарының инфекцияларын емдеуде қоланылады.