Антонимдер деп аталады. Қазақ тіл білімі ғылымында К. Аханов, Ә. Болғанбаев, І. Кеңесбаев, Ғ.Қалиев



бет1/13
Дата11.12.2023
өлшемі52,27 Kb.
#137473
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
antonim teoria (2)


Антонимдер айналадағы заттардың,құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады.Сондықтан, мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады.
Қазақ тіл білімі ғылымында К.Аханов, Ә.Болғанбаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Қалиев т.б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан. [С.Ғ.Қанапина. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі. (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде): 7-бет]
К.Аханов өз еңбегінде:Антонимия құбылысы көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен, оның тіл-тілде синонимия, полисемия құбылысына қарағанда, өрісі тар болады. Анығырақ айтқанда, синонимдес сөздер мен полисематизмді сөздер сөздердің көптеген тобына тән құбылыс болуына байланысты, тіл-тілде жиі ұшырасатын болса, антонимдер көбінесе сөздердің белгілі бір тобына тән құбылыс болуына байланысты, синонимдер мен полисематизмді сөздерге қарағанда, әлдеқайда сирек ұшырасады.
Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер.Мысалы,кәрі-жас,дұрыс-бұрыс,түзу-қисық,терең-саяз,адал-арам,оң-теріс,үлкен-кіші т.б.
Зат есімдерден антоним болатындар бірен-саран ғана.Соның өзінде олардың мағынасынан сапалық белгінің нышаны аңғарылады.Мысалы: өтірік-шын,пайда-зиян,бақ-сор,бай-кедей.
Туынды зат есімдерден жасалған антонимдердің де,туынды етістіктерде жасалған антонимдердің де негізгі түбірі сапалық ұғымды білдіретін сөздер екені байқалады.Мысалы:

  1. Тарлық-кеңдік,аштық-тоқтық;жақсылық-жамандық,жастық-кәрілік т.б.

  2. Ақтау-қаралау,алыстау-жақындау,арзандату-қымбаттау,жаңару-ескіру;қартаю-жасару т.б.

Үстеу сөздерден жасалған санаулы ғана антонимдер бар. Мысалы: әрі-бері, ілгері-кейін, жоғары-төмен,ерте-кеш. атқарады [К. Аханов «тіл білімінің негіздері» ,174-бет].
Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда,оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады.
Осы бір қасиетіне байланысты болса керек,антонимдер әсіресе мақал-мәтелдерде жиі қолданылады.Мысалы:
1.Көз-қорқақ,қол-батыр.
2.Өтірік-қаңбақ,шын-салмақ.
3.Қорлық өмірден ерлік өлім артық. [К. Аханов «тіл білімінің негіздері» ,176-бет]
Ғалым Ж. Әділбекованың «қазақ тіліндегі қарама қарсылықты мағынаның көркем мәтіндегі көріктеуіштік қызметі» деп аталатын еңбегіндегі тұжырымы бойынша тоқталып өтсек. Тілдік деректерге сүйене отырып, антонимиялық құбылыстарды зерттеуде мынадай факторлар ескерілу керек деп білеміз: эстралингвистикалық фактор – ақиқат дүниенің объективті табиғаты санада және тілде шынайы бейнеленуіне құрылуы; концептуалды фактор-ақиқат дүниенің адам санасында барлық заңдылықтарына сай, жан-жақты қасиеттерімен көрініс табуында құрылуы; тілдік-таңбалаушы фактор-адамзат тіліндегі тілдік-таңбалау заңдылықтары мен шарттарына сай құрылуы. Сондай-ақ антонимиялық жұпты анықтауда олардың оппозициялық құрылымына сүйену керек. Семантикалық опозиция дегеніміз – екі нысанның өзара барлық жағынан сәйкес келмейтін, бір ерекшелігімен өзара бір-біріне қарсы тұратын семантикалық релевантты айырмашылық. Ортақ семантикалық белгілер (сема) өзара салыстыруға негіз болады. Ал ерекше айырымын танытатын семантикалық белгілер дефференциялық семалар болады. Антонимдердің қарама-қарсылық мағына білдіретін ерекше айырым компоненттері логикалық ұғымдар қарама-қарсылығына сәйкес келу керек. Мысалы қызметке алу- қызметтен босату (Алу – босату)[Ж. Әділбекова «қазақ тіліндегі қарама-қарсылықты мағынаның көркем мәтіндегі көріктеуіштік қызметі»,10-бет].
Зерттеуші ғалым К.Қ.Есіркепова өзінің “1960 – 1980 жылдардағы әйел – ақындар поэзиясының тілі (Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина, А.Бақтыгереева, К.Ахметова шығармалары негізінде)” атты монографиясында антонимдерді былайша сипаттайды: “Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын –жазушылар өзара қарама – қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі” деп айтылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін салыстырып және қарама – қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет