Антонимдер деп аталады. Қазақ тіл білімі ғылымында К. Аханов, Ә. Болғанбаев, І. Кеңесбаев, Ғ.Қалиев



бет2/13
Дата11.12.2023
өлшемі52,27 Kb.
#137473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
antonim teoria (2)

С.Ғ.Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі» (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)::Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында кең қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады».
Антонимдер дүниедегі, әлемдегі құбылыста, сондай-ақ адам бойындағы өмір мен өлім, жақсы мен жаман, күн мен түн, жұмсақ пен қатты, тірі мен өлі, қайғы мен шат, әділет пен қиянат түрінде кереғар ұғымдардың жиынтығы. Мысалы:Батырлық-ерлік,қорқақтық туралы мақал-мәтелдердегі антонимдер: «Батырдың бір ісі тепетек,қорқақтың екі ісі тентек».
Антонимдер әр түрлі жұрнақ,жалғаулар қабылдап,солар арқылы жаңа сөз өрбітіп,өріс аумағын кеңейтіп,мағыналық қырларын молайта отырып та тіл шұрайлығына қызмет етеді.
Әсіресе сын есімді антонимдер мақал-мәтелдерде жиі кездеседі.Сын есімді антонимдердің қолданылуының табысы мынада:
А) заттың сапасын,қасиетін анықтауда;
Ә) адамның мінез-құлқының,көңіл-күйінің қасиетін танып білуге жәрдемдесуде;
Б) заттың сыр-сипаты мен белгілерін анықтауда;
В) зат пен құбылыстың түр-түсінің реңін танытуда;
Г) заттың,құбылыстың дәмін,сипатын,құрамын танытуда осы антоним сөздер жиі пайдаланып,тіл көркемдігін,ой көркемдігіне жетелеп,айтылған ойдың эстетикалық сипатын,сымбатын танытуға жәрдемдеседі.
Мақал-мәтелдердегі етістіктен келетін антонимдер де қарама-қайшылық құбылысты жеткізуде қимыл-әрекет процесін көрсетуге бейім екендігі байқалады.Мысалы, «Елді іс біріктіреді,сөз бұзады», «Елдестірмек елшіден,жауластырмақ жаушыдан».Етістіктен болған антоним сөздердің қимыл-әрекет динамикалығын әсерлі жеткізу мүмкіндіктері молдығын,әрі сөз жасау қабілеті бар тұлғалар екендігін анықтауға болады.
Қарама-қайшылық ұғымы болмаса өмірді сезіну де, түйсіну де, қабылдау да соншалықты түсінікті болмас еді.
Біріншіден, зат есім антонимдер сөйлемде қайталанып келіп, адамның жан-дүниесін өмірдегі күйзелісін, сезіміндегі толғанысын береді.
Екіншіден, қарама-қарсы ұғымдағы сын есім антонимдер де жарыстыра қолданылып, адам өміріндегі құбылыстарды салыстыра, шендестіре отырып, оқырманына ой салады.
Үшіншіден, мақал-мәтелдегі антонимдердің стильдік бояуы анық, экспрессивті-эмоционалдық әсері күшті, ой мазмұнын тереңдетіп, өмір құбылыстарынан, ой оралымдарынан хабар беретін мағыналы сөздер. [С.Ғ.Қанапина. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі. 7-14 бет]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет