Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет22/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
Байланысты:
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

1-ші тарау бойынша қорытынды


Сонымен тіл ғылымында соңғы ширек ғасыр көлемінде ерекше басымдық алған адамтану бағытында жүргізілетін зерттеулердің тіл ұстанушының мақсат- мұратын, өмірлік ұстанымдарын т.б. ниеті мен діттемін анықтауда берері мол.

Осымен байланысты ғылыми әдебиетте қалыптасқан «антропоцентризм» термині гректің anthropos – «адам» және латынның сentrum – «орталық» деген мағыналы сөздерінен біріккен сөз. Ол «адам құбылысын (феноменін) ғаламның басқа да құбылыстарына (феномендеріне) қарсы қоя отырып, адамды ғаламның орталығы ретінде танытатын, дүниедегі болып жатқан үдерістердің мақсатын адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт». Тілді антропоөзектік тұрғыдан зерттеуде адамның тілге ықпалы, тілдің адам санасына, ойлауы мен мәдениетіне тіл тұтынушының қолданыс барысында қалай әсер ететіндігі анықталып, ерекше маңызға ие тілдегі адам мәселесін оның әлемге қатынасы арқылы толық сипаттауға болады. тілді таным, қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметін дамытатын ол – жеке адам. Оның ішінде – тілдік тұлға. Тіл – жеке адамдардың шығармашылығы арқылы дамып отырады. Диссертациялық жұмыстың тақырыбында антропоөзектілік ұғымымен тіркесіп қолданылған

«парадигма» термині ғылымның көптеген салаларында кездеседі, грек тілінен аударғанда «үлгі, мысал» деген мағынаны білдіреді. Лингвистика саласында

«парадигма» термині бірнеше мағынада жұмсалып жүр.

Қазіргі таңда ғалымдар антропоөзектік парадигманы жеке-дара бағыт ретінде алып шығып, өзіндік алғышарттары мен тармақтары бар үлкен ілім ретінде зерттеуде. Қазақ тіл біліміндегі антропоөзектік парадигманың негізін қалаушылар – А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов. Ал осы ғалымдардың тұжырымдарын одан ары жалғастырып, зерттеп келе жатқан отандық ғалымдар – Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Н. Уәли, Ж. Манкеева, Ф. Оразбаева, Э. Сүлейменова, Б. Хасанов, Б.Момынова, А.Салқынбай, Г.Шоқым, Г.Смағұлова, Э.Оразалиева, Ш. Елемесова, А. Әмірбекова, А. Абасилов және т.б.

Бүгінгі тіл біліміндегі жаңа бағыт болып саналатын антропология саласы тіл арқылы ұлт болмысын тануға мүмкіндік береді. Осы кезге дейін адам тілді зерттеуші субьект болса, бүгінде тіл арқылы адамды зерттеп жүрміз. Осы бір жаңа бағыттың ең бір ұтымды тұсы – ұлттық болмыс пен мәдениетті ғылыми тұрғыда зерделей бастауы. Ұлт үшін бұл өте маңызды. Адамсыз ұлт болмайды, адамсыз тіл болмайды. Сондықтан ұлт болмысын тануда адам мен тілді ұштастыра зерттеу тілдің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет