Диссертациялық жұмыста төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Автор– идеяның иесі, оқиғаны құрастырушы, оқырманға туындыны жеткізуші. Ол – кейіпкерлерді оқиға заманына апарып, түрлі қимыл- әрекеттермен сипаттап, оқиға желісімен өмір сүруге ықпалын тигізетін тұлға.
Автор бейнесі –бұл шығарманың ішінде осы туындыны жасаған бейне пайда болған кезде туындайтын ерекше эстетикалық категория.
Авторлық идеал – автордың арман-тілектерін жүзеге асыру мақсатында жасалған бейне.
Ақпарат фактілер мен оқиғалар, процестер туралы хабарламалар. Адамға әр түрлі арналар арқылы келетін және оның санасында өңделіп, сұрыпталатын, кодталатын мәліметтер, деректер, білімдер; коммуникация процесінде тілдік құрылымдар арқылы ұсынылып жеткізілетін білімдер.