Байланысты: Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)
Шашын жұлу. Үңілді де, қос қолымен бұрымын жұлып, аңырап қоя берді(«Біз соғысты көрген жоқпыз»). Әйел адам өте қайғылы жағдайға душар болғанда, жақындарынан айырылғанда, күйеуі қайтыс болғанда басындағы орамалын босатып, қос қолымен шашын жұлып, зар илеп жылайды. Сондықтан да қазақ халқы жай күндері қыз баланың шашын жайып жүруіне тыйым салып, жаман ырымға балаған. Әйел жанының сезімталдығын, әлсіздігін танытатын мұндай кинесикалық амалдар қазақ жазушыларының шығармаларында жиі кездеседі. Ондай амалдар гендерлік сипатына байланысты әйелдерге тән кинемалар және ерлерге тән кинемалар деп бөлінеді. Қазақ қоғамында ер адамдар мына қимыл-әрекеттерді көбірек жасайды: малдас құрып отыру, төсқағыстыру, қамшы тастау, басын қасу, бөркін аспанға ату, сақалынсипау,т.б. Ал әйелдерге тән қимыл-әрекеттер: сұқ саусағымен бетін сызу, шашынжұлу, ернін сылп еткізу, ернін шығару, қасын керу, орамалының ұшымен көзінсүрту,жағынтаяну,т.б.