Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет50/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78
Бірінші немесе лингвокогнитивтік деңгейді ұғымдар, концептілер, идеялар сияқты бірліктер құрайды. Ол бірліктер әрбір тілдік даралық (индивидуальность) үшін белгілі бір дәрежеде реттелген, жүйелі «ғалам бейнесін» құрайды, ол бейне құндылықтардың иерархиясын (сатылы байланысын) бейнелеп көрсетеді. тілдік тұлға құрылымындағы және оны талдаудағы когнитивтік деңгей мағынаны кеңейтіп, білімдерге өтуді қажет етеді; яғни тұлғаның интеллектуалдық аясын қамтиды, бұл зерттеушіге тіл

арқылы, сөйлеу және түсінілім процестері арқылы адамның біліміне, санасына, таным процестеріне шығуға мүмкіндік береді;



Екінші, прагматикалық деңгей тұлғаның мақсаттарын, уәждерін, мүдделерін, өмірлік ұстанымдары мен мұраттарын (интенционалдылық) (мұраттарын) қамтиды. Тілдік тұлғаны талдауда бұл деңгей оның сөйлеу әрекетін бағалаудан болмыстың қызметін түсінуге заңды және шартты түрде өтуді қамтамасыз етеді.

Адамның сөйлеу әрекеті барысында пайдаланған әрбір сөз қолданысының мәнін толық және дұрыс түсіну үшін, оның адами болмысын айқындай түсу үшін тілдік деректерді ғана қамту аздық етеді. Бұл жерде зерттеуші когнитивтік психология пәніне жүгінуі тиіс. Өйткені когнитивтік психология мен лингвистиканың арасында заңды байланыс бар. Адам санасының тереңінде болып жататын психикалық процестерді сырттай көру мүмкін емес. Оларды сана тереңінен шығарып алу үшін тілдік бірліктер /жасалымдар/ түріндегі құрылымдар пайдаланылады. Сондықтан да тіл когнитологтардың басты назарында болады. Өйткені тіл – ойды құрастыру мен жеткізудің басты құралы. Осыдан келіп, егер тілді когнитивтік (терең астырт) құрылымдарды репрезентациялайтын үстірт құрылымдар көзі ретінде қарастырсақ, онда когнитивтік (терең астырт) құрылымдарды тану үшін бізге анағұрлым жақын тұрған, түсінікті болатын тілдік құрылымдарды пайдаланғанымыз жөн. Бұл үшін ақпаратты кодтаудың екі формасына (когнитивтік және тілдік) тоқталуымыз керек. Ғалымдардың пікірінше, бұл екеуі бір емес, білімді түсінудің (елестетудің, ұғынудың) әр түрлі пропозиционалды, екі түрі, бірақ олар органикалық жағынан өзара байланысты. Демек, сөздер өзара ассоциациялануы үшін, оларға сәйкес болатын ұғымдар жадта кодталған пропозицияларға енген болуы тиіс.



Пропозициялар дегеніміз – ойлаудың тұтас субъектілік-предикаттық құрылымдары. Олар кейбір ситуациялар мен олардың элементтерінің конфигурациясын бейнелеп көрсетеді. Ю.Н. Карауловтың айтуынша, стереотипті ситуациялар (фреймдер) мен пропозициялардың өзара байланыстылығы «пропозиционалды құрылымның барлық менталдық процестерге тән элемент ретіндегі әмбебаптығынан» туындайды және көрінеді [1, 194 б.].

Пропозиционалды құрылымдар – барлық менталдық процестерге тән әмбебап элементтер болып табылады. Адамның жады – өзара қиылысып жататын пропозиционалды ағаштар түріндегі аса ауқымды желі (сеть) деуге болады. Осы пропозиционалды желідегі әрбір түйінде бір концепт болады. Концептіні вербалдайтын тілдік таңбалар да осындай түйінмен байланысты болады. Ол тілдік таңбалар адамның лексиконында белгілі бір позицияларды иемденеді. Сондықтан да табиғи тіл таңбаларының жүйесі арқылы адамның ішкі менталды лексиконына жол ашылады. «Адамның ішкі менталды лексиконы – ақпаратты когнитивті қайта өңдеудің аса маңызды механизмі» деген болатын ғалым А.А.Залевская. Адамның ішкі менталды лексиконы психолингвистикада үлкен проблема болып саналады. Ол туралы ғалымның еңбектерінде кеңінен баяндалады 10, 45 б..

Сонымен тілдік тұлға категориясын зерттеуге қатысты мәселелер бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:



  1. Қазіргі лингвистика ғылымы және ондағы әдістер тілді және адам тұлғасының әрекетін тіл арқылы жүйелі түрде, оның бүкіл көлемін қамти отырып зерттеуге мүмкіндік береді; бұл – оның тіл мен тұлғаны үзік-үзік яки фрагментарлы күйде зерттейтін өзге ғылымдардан басты айырмашылығы.

  2. Тілдік тұлға құрылымын үш деңгейге бөліп көрсеткен Ю.Н. Караулов тұлға тілдің лингвокогнитивтік (тезаурустық) деңгейінен басталатынын атап айтады, жалаң (бір қабатты) тілдік семантика деңгейінде тұлғаның даралығы, ерекшелігі мен қайталанбас қасиеттерін бөліп көрсетуге мүмкіндік жоқ.

«Тұлғаның тілі күнделікті қолданыстағы тілдің ар жағынан басталады» [113, 36 б.], ол кезде зияткерлік күштер және оны зерттеудегі бірінші деңгей – оған тән ғалам бейнесіндегі, тезаурусындағы мәндер мен құндылықтардың сатылы байланысы белгіленіп, айқындалады.

Қазақ қаламгері Ш. Мұртазаның «Шын жазушының көзі көкірегінде болады» деген сөзінде терең философия жатыр. Көзімен көргенді жүрегімен сезініп, өзіндік жазушылық талғамының сүзгісінен өткізетін жазушы қауымы қашанда сезімтал келеді. Көрген-білгенін сезім арқылы өрнектеп, асыл сөздің қадірін түсінетін оқырманға сөз иірімдерін маржандай жіпке тізіп жеткізеді. Қандай да бір көркем туындыны оқу барысында тілдік тұлғаның, яғни автордың ішкі жан дүниесін, рухани әлемін, тілдік және аялық білімінің негізінде аңғаруға болатыны белгілі. Себебі жазушы көкейінде жүрген ұлы идеяларын, жүрегін сыздатқан, көңілін жабырқатқан ішкі күйзелісін, қоғамдағы түрлі мәселелерге қатысты терең толғаныстарын, бір сөзбен айтқанда, өзіндік рухани әлемін қағаз бетіне түсіреді. Жазушының ұшы-қиыры жоқ қиялы, жылдар бойы жинақтаған жазушылық, адами тәжірибесі, атадан алған ұлттық тәрбиесі, ұлылардың мұралары, ой-тұжырымдары арқылы қалыптастырған ұлттық танымы мен талғамы, жылдар бойы жаңқалап, ұштай түскен өзіндік стилі көркем туындыны терең мазмұнды, көркем тілді нағыз ұлттық шығарма етуге негіз болады.

Зерттеу нысаны болып отырған Д. Исабековтің шығармаларын жан-жақты талдау жазушының рухани әлемінің халық рухымен үндес екенін дәйектейді. Соның нәтижесінде көркем тілді жазушы ретінде қалыптасқан Д. Исабековтің рухани әлемі оның көркемдік әлемі арқылы оқырманға жетеді. Осымен байланысты автор, автор бейнесі, мәтіндегі автор, баяншы, әңгімеші мәселелері сабақтас қарастырылады.

Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, «автор бейнесі» терминін ғылымға алғаш болып енгізген – көрнекті ғалым В.В.Виноградов. Ғалым автордың шығарма қатыстылығын байланысты «авторлық позиция», «авторлық модалдылық» мәселелеріне тоқталған, бірақ автор бейнесі мен баяншы бейнесін бір-бірінен бөліп қарастыру қажет деп есептейді: «Баяндаушы жазушының сөзі, ал баяндаушының бейнесі (өзін автор ретінде көрсететін) бұл жазушының әдеби артистизмінің формасы. Онда автордың бейнесі өзі жасаған сахна бейнесіндегі актердің бейнесі сияқты қарастырылады» [131].

Ғалымдар көркем шығармадағы авторды «мәтіндегі автор», «баяншы»,

«әңгімелеуші», «автоним», «актор», «адресант», «нарратор», «бенефицарий»,

«скриптор», «сөйлеу субьектісі» және т.б. атап келеді. Ал О.Н. Копытов сынды орыс ғалымы жоғарыда аталған терминдерге «авторлық әлеует», «авторлық бастама» терминдерін қосқан. Оның пікірінше, «авторлық бастама» мен

«авторлық әлеуетті» сабақтастыратын, тоғыстыратын нәрсе – мәтін. Ғалым авторлық әлеуетті қарастырғанда мәтін жанрына (көркем, ғылыми, публицистикалық, т.б.) баса назар аудару керектігін атап көрсетеді. Ғалымның тұжырымынша, авторлық әлеует – мәтін болып қалыптасқанға дейін автордың танымындағы, санасындағы дүние. Ал ол сұрыпталып, өңделіп барып қағаз бетіне түссе, авторлық бастама болып саналады. Нақтылай айтқанда:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет