Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет54/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78
қарап қойып. Оның үстіне, мына уақиға да оған оңай тиіп жүр деймісің. Осының бәрін көре-біле тұрып, кейде оған орынды-орынсыз қожыраңдаймын кеп-кеп. Енді қартайғанда, осым не менің осы? А? Тоба!» [93, 22 б.]. Бұл мәтіннен жазушы автор бейнесін ашуда көптеген амал-тәсілдерді қолданғанын көруге болады. Мысалы, баяншы тілін әрі көркем, әрі қарапайым тілдік бірліктермен жеткізген. Қарапайым сөздерді қолдану арқылы оқиғаның ауылда, қарапайым халық арасында өтетіндігін таныту мақсатында қолданған. Ал көркем болуы тілдің түрлі көркемдеуіш құралдарын қолдануына байланысты. Жазушы «сүттей ұйыған», «нілдей бұзылған» сынды теңеулерді қолдана отырып, кейіпкер кейпіндегі автор бейнесін одан әрі әрлендіре түскен. Оған қоса, теңеулер сөзді көркемдеуімен қатар, автордың танымынан да хабар береді. Академик Р. Сыздықтың «Теңеу – таным нәтижесі. Сондықтан теңеулердің дені этнографиялық, ұлттық сипатта болады» [60] деген сөздері соған дәлел болмақ. Теңеуді қолдану арқылы жазушы ұлттық дүниетанымының кеңдігін көрсетеді. Бұл мәтіннен тыс осы әңгімеде жас баладай, түйеден түскендей, құстай қомданып, сүттей жарық сынды теңеулерді көруге болады. Жазушы теңеуді қолдана отырып, өзінің белгілі обьектіге немесе субьектіге қатысты көзқарасын білдіреді. Қазақта сүтке қатысты ананың ақ сүті, аузынан сүті кетпеген деген тіркестер қолданылады. Сүт ақтың, адалдықтың белгісі іспеттес. Осы бір түсінікті жазушы да ескере отырып, автор мен кейіпкер бейнесін ашуда қолданған. Сонымен қатар автордың бұл шығармасы сәтті эпитеттерге де толы екендігін айта кету керек. Атап айтсақ, ақ шыным, ақ ниет, ақ көңіл, дәмді әңгіме, қоңыр үн. Осылардың ішіндегі ерекше көңілге қонғаны – «ақ шыным». Ақ түс – адалдықтың, пәктіктің, тазалықтың нышаны. Оны қай қазақ та біледі. Ақ түсін шындыққа тіркеу арқылы автор нақтылықты, сенімділікті оқырманға жеткізуді көздейді. Қазақ халықының тілдік қорындағы аппағым, ақ бөпем, ақ ботам, ақ бұзау сынды тіркестері арқылы қазақ үшін ұнамды әрі жағымды түстердің бірі екендігін көруге болады. Бұл мәтінде қоңыр түсіне қатысты тіркестер де кездеседі. Академик І.Кеңесбаевтың түсіндірмесінде «қоңыр дауыс», «қоңыр ән», «қоңыр үн» синонимдері бір қалыпты ырғақпен айтылатын құлаққа жағымды жұмсақ үн»

[139] деген мағынада беріледі. «Қоңыр» басқа да кейбір сөздерге қосылып, тиянақты ой тіркесін құрағанда, көбінесе орташа деген ұғымды да береді.

Д.Исабековтің бұл шығармасында қазақ халқының даналығын, даралығын танытатын мақал-мәтелдерді көп кездестіруге болады. Қазақтың құнарлы сөздер қатарына жататын мақал-мәтелдерді автор кейіпкердің өзіне тән мәдениетін, тілдік білімін, ортасын көрсету мақсатында қолданған. Кейіпкерлер тілінде кездесетін «Жылқы мен жылқы кісінескенше, адам мен адам сөйлескенше», «Ашу алдында, ақыл соңында», «Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» сынды мақал-мәтелдер еліміздің ұлттық ерекшелігін таныта отырып, оқырманға автордың рухани әлемін тануға мүмкіндік береді. Р.Сыздықтың «Мақал-мәтелдер де – дүниенің ұлттық танымы, ұлттық философиясы» [60] атты пікірі ойымызды айқындай түседі.

Д. Исабековтің автор бейнесі кейіпкер образында жұмсалатын шығармаларының бірі – «Ағайындылар» әңгімесі. «Бір ретте үйге келген



әйелдермен әңгімелесіп отырып, олардың: «Сенің мырзағаң үйленбей тұрғанда ерке еді, енді басылайын деді ме, қалай?»  деген сұрақтарына жеңешемнің:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет