Қанттың пайдасы мен зияны


Қант теріңнің күйіне қалай әсер етеді



бет7/8
Дата01.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#88661
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Айгерім ғылыми жоба

Қант теріңнің күйіне қалай әсер етеді
Қанттың зияны – дене пішіміңді бұзатыны және тұтас денсаулығыңа жағымсыз әсер ететіні туралы оқып көрген шығарсың. Бірақ қант әжім пайда болуының бір себебі болып табылатынын білесің бе?
ҚАНТ СЕНІ ҚАЛАЙ ҚАРТАЙТАДЫ
Қанттың артығы теріңде коллаген синтезі азаятын 35 жаста әсерін көрсете бастайды. Ғылыми тұрғыдан бұл келесідей орын алады: глюкоза коллаген мен эластан талшықтарын «жабыстырады», соның нәтижесінде тері жасушалары қатайып, әлсірейді. Осы үдеріс гликация деп аталады (гуглдан қара). Сырттан бұл әжім, тері серпімділігі жоғалу және күңгірттену түрінде – қартаю белгілерінің классикалық жинағында көрінеді. Бірақ қант коллаген бүлінуіне әсер етіп қана қоймайды. Ол теріңнің жасушалары шығаратын коллаген типіне де әсер етеді. Мықты берік талшықтар әлсіз және сынғышқа айналады, олар теріңнің ең қатал жауы – күн сәулелерімен қоса, қоршаған ортаның зиян әсерлеріне шалдыққыш! 
ҮРЕЙСІЗ Мынаны қаперде ұста: егер қаныңда глюкоза деңгейі нормада болса, гликация сен үшін – әдеттегі үдеріс, оған уақыт өте келе барлық кісілер ұшырайды. Қанты көп тамақ ішкен дұрыс емес, соның нәтижесінде гликация үдерісі арта түседі.
ЗИЯН ҚАНТ Ең айқын қант көзі – әрине, тәтті сусындар, кондитерлік бұйымдар мен пісірме, сонымен қатар қант қосылған кофе мен шай. Бірақ егер тері жастығын шынымен ұзартқың келсе, ақ нан мен паста сияқты қарапайым көмірсуларды тұтынуды қысқартуың керек. Одан басқа, азық-түлік құрамын қарап, жасырын қант көздерін ізде, мысалы жүгері сірнесі гликация қарқындылығын 10 есе көбейтеді.
ПАЙДАЛЫ ҚАНТ Қант тұтынудың кеңес берілетін деңгейі – күніне 6 кішкентай қасықтан асырмай (шамамен100 кКал). Фруктоза мен лактоза сияқты табиғи қант түрлері ағза үшін пайдалы болуы мүмкін. Олар ағзаңа қажетті, пайдалы жасұнық, витаминдер мен антиоксиданттармен бірге барлық жемістер мен көкөністерде, сонымен қатар сүт өнімдерінде бар. 
Қанттың сапасына қойылатын талаптары қандай білесіз бе? Қант сапасын екі стандарт бойынша: құмшекер және рафинад қантқа арналған бағалайды. Құмшекердің түсі жылтыр, ақ түсті, ал рафинад қант көгілдір реңді дақсыз, бөтен қоспасыз болуы керек. Дәмі құрғақ күйінде де, сулы ерітіндісінде де тәтті. Суда толық еру керек, ерітіндісі мөлдір, тұнбасыз болу шарт. Стандарттармен ылғалдылығы, сахароза мөлшері, редуцирленетін қанттың мөлшері, беріктілігі (рафинад қант үшін), суда еру ұзақтығы, т.б. нормаланады. Сахароза мөлшері 99,7%-дан аз болмауы керек, рафинад қантта сахароза мөлшері – 99,9%, ылғаллдылығы 0,1-0,4% - ға дейін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет