Ақорданың құрылу тарихы


Ішкі және сыртқы саясаты. Шаруашылығы



бет5/5
Дата16.03.2023
өлшемі27,81 Kb.
#74911
түріРеферат
1   2   3   4   5

Ішкі және сыртқы саясаты. Шаруашылығы


Ақ Орданың әскери-саяси күшінің шырқау шегіне жетіп күшейген мезгілі Шымтайдың мұрагері Ұрыс ханның тұсы. Осы кезде Алтын Орда тағы үшін болып жатқан билікке таластан Ақ Орда билеушілері де шет қалмады. Ерзен мен Мүбарак хандар тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан оқшаулана бастады. Мүбарак хан 1327-1328 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғаларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, 1376 жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болып, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкенді. Бірақ осы кезде Маңғыстау Үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй Хожаның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялады. Ақ Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хажы-Тарханды, Қырымды және
Мамай ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ, осыдан кейін ол Әмір Темірдің қамқорлығынан босануға тырысады. Бірақ 1388, 1391 және 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда құлдырады. Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірге қашып кетті. Оны 1406 жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді.
Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан Х1Vғ. соңы –ХV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреді. Барақ хан ішкі талас-тартыстар мен сыртқы шабуылдарды тоқтата алмады. 1428 жылы Барақтың өлімінен кейін маңғыттық Едіге ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақтың біраз бөлігіне өз билігін таратса, солтүстікте шайбаниліктер бас көтере бастады. Шайбанилік Әбілқайыр хан XΥ ғ. ортасында Ақ Орданың біраз жерлерін басып алды. Биліктен айырылған Орыс хан ұрпақтары оңтүстікке, Сыр бойына қарай ығысты. 1446 жылы Әбілқайыр Ақ Орданың астанасы болған Сығанақты басып алды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет