Ақорданың құрылу тарихы


Алтын Орданың әлсіреуі және күйреуі



бет3/5
Дата16.03.2023
өлшемі27,81 Kb.
#74911
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ (15)

Алтын Орданың әлсіреуі және күйреуі.
Алтын Орда Жәнібек ханның өлімінен кейін ішкі алауыздыққа ұрынды. «Ұлы дүрбелең» кезеңі деп аталатын жиырма үш жылда (1357-1380 жж.) жиырмадан астам хандар бірін-бірі ауыстырды. Орданың батыс бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Осындай ішкі талас-тартыстан әлсіреген Алтын Орданың Мамай қолбасшылық еткен әскері 1380 ж. Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңілді. Осы әлсіздікті пайдаланған Жошынвң екінші бір ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін өз қолына алған. Билігін нығайту үшін ол 1382 ж. Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеп жібереді.Мауереннахр мен Кавказ елдеріне жорық жасайды. Әмір Темір Тоқтамыстың өзіне жасаған опасыздығы үшін, Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, оны бас көтере алмастай етіп тұралатты. Одан соң Алтын Орданың беклербегі, маңғыт әмірі Едіге билікке араласып, іс жүзіндегі билеушілерге айналды. Едіге он бес жыл (1396-1411 жж.) билікті өз қолында ұстады.
Едігенің 1419 жылы билік үшін күресте қаза болуынан кейін орталық билік толық ыдырауға бет алды. XV ғ. ортасына қарай оның аумағында Астрахань, Қазан, Қырым, Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы құрылды.
Жошы ұлысының негізгі ордасы болған Қыпшақ даласы Алтын Орданың тіректі күші болды. Орда ішіндегі алдын ұлыс болған Ақ Орда орталықтан бөлініп жеке мемлекетке айналды. Алтын Орданың да негізгі аумағы қазақ халқының атамекені — Ақ Орданың билігіне көшті.
Алтын Орданың қоғамдық құрылысы.
Шыңғыс хан ұрпақтары ұлыстарының басқару жүйелері бір-біріне ұқсас болды. Хандық өкімет хан ұрпақтарының иелігі болып табылды. Егер хан өлсе, не інісі, не баласы таққа отыратын. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін, іс жүргізу жұмыстарын ұйғыр жазуымен жүргізген. Мұндай ісқағаздарын жүргізушілерді «бітікшілер», яғни хатшылар деп атаған. Ұлыстың аумақтық бөліктерін билеушілер әмірлерге, мыңдықтар нояндарға, ал нояндар беклербекке бағынған. Ал азаматтық істерге уәзір билік жүргізген. Жалпы Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесі толығымен сақталған. Мемлекет ұлыстарға, ал ұлыстар ұсақ үлестерге бөлініп басқарылатын. Азаматтық басқару билігі түрік әулеттерінен шыққан «мәлік» деп аталатын жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асырылған. Даруғалар салық жинаумен шұғылданды. Әскери істерді беклербек басқарды. Басқақтар да маңызды роль атқарды. Олар басқару қызметін атқарумен қатар, жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізді, кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысты.
Моңғолия тарихы Алтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі — қара, шығыстың түсі — көк, оңтүстіктің түсі — қызыл, батыстың түсі — ақ, ал сары (немесе алтын) түс — орталықтың түсі.
Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі «Золотая Орда», яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.
Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.
Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін). Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталды.
Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді, себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет