Бату -1243-1255 жж, Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле
Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 жылы Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады.
Алтын Орданың саяси тарихы. Берке ханның (1257-1263 жж.) тұсында империя орталығынан, Батый ханның кезіндегі қағаз жүзіндегі болса да тәуелділіктен толық дербестікке қол жеткізді. Шаманизмнен — бір құдайшылыққа — ислам дініне бет бұрып, мұсылман болған Берке тәуелсіз мемлекеттің ғылымды дамытуға күш салды. Монғолдардың іштей қарсылығына қарамастан Иран, Египеттен ғалымдарды алдырып, мемлекеттік басқару жүйесіне білімді адамдарды жинады. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түседі. Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосқан Тоқты хан (1290-1312 жж.) болды. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланыстарын жандандырып, Египет мәмлүктерімен тығыз байланыста болған. Алтын Орда мемлекеті Мұхаммед Өзбек ханның (1312-1342 жж.) және оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357 жж.) билігі тұсында шарықтау шегіне көтерілді. Өзбек хан 1312 ж. ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып, экономика мен мәдениеттік дамуын саналы биікке көтерді. Сауда қатынастары Батыс Европа, Кіші Азия, Египет, Индия, Қытай мемлекеттерімен жүргізілді.
Алтын Орда мемлекетінің негізгі тіректі күші Қазақстанның жергілікті тайпаларынан тұрды. Монғол билеушілері нояндары аз уақыттың ішінде түріктеніп, кейін қазақ халқының құрамына енді. Қазақ мемлекетінің Алтын Орданың заңды мұрагері, жалғасы екендігін көрсетеді.