Апа, туған күнің сіздің бүгін Шүғылалы жүзіңізден көрінді күн



Дата18.11.2023
өлшемі12,94 Kb.
#124741
Байланысты:
керек


Апа, туған күнің сіздің бүгін
Шүғылалы жүзіңізден көрінді күн
Жетпіске келгеніңше қаншама рет
Жанардан жас, жүректен төгілді мұң.

Жо-жоқ сенбесеңіз сенсеңізде


Менің апам жас әлі он сегізде
Он сегізде құлпырған қыздай тұрар
Құдай беріп бір ғасыр келсе жүзге.

Бес балаң өміріңді етсе құнды


Он үш немере сіз үшін төксе жырды
Шөбереңнің жетеуі бала сүйсе
Иіскерсіз бұйыртса шөпшегіңді.

Бұл өмірде елеулі жолыңыз қалған


Көп тілегің қабыл боп орындалған
Екі келініңіз екі жақтан шапқылап жүр
Енесі бар келінге келін болған.

Апа таң қаламын құрметіңе


Сіздей жанды болады үлгі етуге
Өзіңізді қуанту, жылу сыйлау
Кіреді мына менің міндетіме

Ізгі нұрға толтырып жүрегіңді


Мен сүйемін дәл сіздей тірегімді
Алла қалап жүзге келген жасыңызда
Мен айтамын осындай тілегімді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет