Бөлім: «Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис» Оқу мақсаты



Дата20.06.2023
өлшемі19,56 Kb.
#102639
түріИнтервью
Байланысты:
Ера бжб


Бөлім: «Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис»





Оқу мақсаты

8.1.2.1 Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау



Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды
Экспрессивті-эмоционалды
сөздердің
маңызын
талдайды



Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыз

1.– Мен театрға келгелі 60 жылға жуықтады. Алғаш ак­­тер болып келгеннен бері қара­ шаңырақтың 30, 40 жылдық мерейлі мере­ке­лерін атап өткен асыл­дардың арасында болған едім, міне, содан бергі мерейтойларының бәрінің куәгеріміз. Тарихы жүзжылдықтармен есеп­телетін әлемдік театрлар бар, солар­мен салыс­тырғанда, біздің театр­дың 90 жасы деген – жігіт жасы. 90 жыл­дыққа аман-есен жеткеніміз, тойына қатысқанымыз, кейінгі буынмен бірге қуанғанымыз – біз үшін үлкен дәреже. Қалибек Қуанышбаев пен Қапан Бадыров, Елубай Өмірзақов пен Серке Қожамқұловтың мектебінен өтіп, солармен бірге спектакльде ой­нап, асқар таудай ағаларымның ар­қам­нан қағып қанаттандырғаны, ойыныма баға беріп, одан сайын қам­шы­лағаны кез келген сын­шының пікірінен әл­де­қайда жоғары. Елу­бай ағаның жасының үл­кен­ді­гіне қарамастан, қал­жы­­ңымыз жарасатын еді. Менің режиссер ретіндегі ең алғашқы жұмысым «Ревизор» болса, осы спек­­такль­дегі Земляниканың рөлі Серағаңның соңғы рөлі болды. Бұл кезде Сер­ағаң­ның жасы 80-ге таяп қалған еді, бас репетицияның ең соңғы күні төтен­нен келіп қосылғанына қарамастан, сахнада 40 жыл бұрын ойнап кеткен кейіпкерінің бүкіл сөзін жатқа білетін болып шықты. Өкінішке қарай, бір-ақ рет ойнап үлгерді. Бірақ Серағамның менің спектаклімде ойнап кеткені үшін ғана бақыттымын. Сәбира апам, Хадиша апам, Бикен апам, Фарида құрдасым, Ыдырыс, Әнуар замандастарым сахнаға шыға келгенде олармен бірге Өмір ілесіп шығатын еді. Бұлар Өмірден өнер жасайтын немесе, керісінше, Өнерден өмір жасап шығаратын. («Егемен Қазақстан» газетінен)


1-тапсырма. Кестені толтырыңыз.



Автор көзқарасы қандай?

Автор көзқарасы бойынша менің пікірім







2-тапсырма.


Автор мәтінде экспрессивті-эмоционалды сөздерді автор көзқарасын қандай мақсатта
береді? Олардың оқырманға әсерін күшейтудегі маңызы бар ма? Дәлелдеңіз
3-тапсырма.
Театр туралы пікірді оқып, театрдың адамзат өміріндегі орны туралы «6 неліктен?» әдісімен диалог жазыңдар.
«Театрға құлағы естімейтін адам келсе, ол сахнада болып жатқан іс-әрекетті көзімен көріп, түсініп, содан ләззат алуы керек. Ал егер көзі көрмейтін зағип кісі келсе, ол тыңдап ләззат алуы керек». (Сәкен Сейфуллин)

Бағалау критерийі



Тапсырма

Дескриптор

Балл

1

мәтіннен автор көзқарасын анықтайды

1

Автор көзқарасын анықтауда дәлелдер келтіреді

2

автор көзқарасы бойынша өз пікірін білдіреді

2

2

мәтіннен экспрессивті-эмоционалды сөздерді анықтайды

2

экспрессивті-эмоционалды сөздерді автор көзқарасын қандай мақсатта қолданылғанын анықтайды

2

3

Театр туралы пікірді оқиды, мазмұнға сай диалог құрастырады

1


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет