1917 ж. 27 ақпанда Ресейде Ақпан революциясы жеңіске жеткен болатын. Оның нәтижесінде: а) Монархия құлатылып, патша тақтан тайдырылды; ә) Қос үкімет орнатылды; Қос үкімет дегеніміз: Уақытша және Кеңестер үкіметі. Ақпан революциясының тарихи маңызы: - орыс самодержавиесінің көп ғасырлық тарихын тоқтатты; - қоғамның демократиялық дамуына жол ашты.
Уақытша үкіметтің Қазақстанда іске асырған шаралары: - Торғай облысынан генерал Лаврентьевтің жазалаушы экспедициясы кейін шақырылды; - 1917 ж. 7 наурызда көтеріліске қатысушыларға кешірім жасау жөнінде Жарлық жарияланды; - 1917 ж. 24 сәуірде үкіметтің шешімімен тыл жұмысына шақырылған қазақтар еліне қайтарылды.
Бұл революцияның: Сипаты – бурзуажиялық-демократиялық революция. Тарихы маңызы-Ақпан революциясы кез келген қоғамның барлық әлеуметтік топтарының мүдделеріне жауап беретін азаматтық бейбітшілік қоғам орнату мүмкіндігін жасады. Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым- қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі партиялардың мүшесі болып оралды. 1917 жылдың шілдесінде Верныйда “Қара жұмысшылар одағы” құрылды.
Сергиопольде 800 майдангер солдатпен тыл жұмысына алынған қазақтар “Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын” ұйымдастырды. Петропавлда “Жас арбакештер одағы” құрылды. Тыл жұмысшыларының бұқарасы Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды. Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттығы идеясын таратушы, ұлттық сананы оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Ол күресті Ресей либералдық-демократиялық қозғалысының қайраткері, бұрынғы кадет партиясының мүшесі болған Ә.Бөкейханов басқарды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ə.Ермеков, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов оның пікірлес серіктері болған. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды. 1917 жылғы сəуірдегі Жетісу облыстық съезінде қаралған мəселелер: − Халықты азық-түлікпен жабдықтау; − Өзін-өзі басқару; − Сот ісін жүргізу; − Салық салу; − Білім беру жəне ағарту ісі; − Аграрлық мəселе; − Босқындарды Қытайдан қайтару; − Қазақ-орыс қатынастарын реттеу. Съезд “Облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет” деп шешті. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола,Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Қаралған мəселелер: − Мемлекеттік басқару формасы; − Қазақ облыстары автономиясын құру; − Жер мəселесі; − Халық милициясын құру; − Білім беру; − Сот ісі; − Рухани-діни мəселе; − Жетісудың ашыққан халқына көмек ұйымдастыру; − Қытайдағы 83 мың қазақ босқыны туралы. ”Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Қазақ облыстары ұлттық-аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды. 1917 жылы мамырдағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде Ресейдің мемлекеттік құрылыс формасы мен әйелдер мәселесі қызу талқыланды. Қаралған мəселелер: − Көп əйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық. − 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу. − Міндетті жəне тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беруді енгізу.
250 молданың қарсылығына қарамастан “Мұсылман əйелдері саяси жəне азаматтық құқықтары жағынан ерлермен тең болуға тиіс” деген қарар қабылданды.
1917 жылғы қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы − Түркістан федералистер партиясы құрылды. 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының революцияшыл одағы” құрылды. Ақмолада “Жас қазақ” ұйымы жұмыс істеді.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны қалыптастыру саясатын жақтады. Семейде кадеттер ұйымы “Свободная речь” газетін шығарып тұрды. Кадет партиясына мүше болған Ə.Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарынан шықты.
1917 жылғы көктемде өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. “Жер оны өңдейтіндерге берілсін”, “Жер − бүкіл халықтың меншігі” ұрандарын көтерді. Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптады. 1917 жылдың жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа барлық Кеңестер эсерлердің қолында болды. Сонымен қоса казак партиясының бөлімшелері Орал, Атырау, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семейде жұмыс істеді. Ақпан революциясының маңызды қорытындысы – қоғамдық өмірдің барлық саласының демократиялануы, саяси бостандықтардың орнауы мен осы үрдістің нәтижесінде халық саяси санасының арта түсуі болды.