Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет110/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Күтілетін нәтиже: 

еліміз зергерлік өнердің шығу тарихы және түрлерімен танысады; 


79 
 

«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  мақсаттарының  орындалуына 
және  «Ұлы  даланың  жеті  қыры»  мақаласының  мән-маңызының 
насихатталуына үлес қосылады; 

халықтың  отандық  өнімге  деген  қызығушылығы  артады  және 
шараны жыл сайын өткізу дәстүрге айналады; 

бәсекелестік  артып,  зергерлік  өнердің  әлемдік  аренаға  шығаруға 
мүмкіндігі туады. 
 
 
 «Жібек жолы мәдениеті» жобасын жүзеге асыру: 
-  Алматы-Түркістан Жібек жолындағы автомобильмен 
жол жүру, Қазақстан киносының күндері бойынша 
ұсынымдар 
 
Ежелгі  өркениеттің  елеулі  жетістіктерінің  бірі  -  Ұлы  Жібек  жолы  деп 
саналады,  ол  Қазақстан  тарихында  да,  адамзат  тарихында  да  маңызды  рөл 
атқарды.  Жібек  жолы  әртүрлі  елдер  мен  халықтарды  біріктірді,  олардың 
мәдениеті мен тарихын байланыстырды. 
Бұл  қолөнермен,  сеніммен,  идеялармен,  технологиялармен  және  басқа 
да жетістіктермен алмасу каналына айналды. 
Жібек  жолы  қызмет  етіп  тұрған  кезеңде,  оның  бойындағы  елдер 
арасында тығыз қарым қатынас жүйесі, және тауарларды ілгерілету мен баға 
белгілеудің негіздері қалыптасты.  
Жібек  жолы  қазіргі  уақыттағы  кәсіпкерліктің  негізін  қалады,  рухани 
және мәдени алмасудың механизімі болды, тек керуендер арасындағы қарым 
қатынасты  орнатып  қоймай,  мемлекеттер  арасындағы  қарым  қатынасқа  да 
себепкер болды.  
Ұлы Жібек жолы қазіргі Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне зор әсерін 
тигізді.  Өз  тарихын  білу  мен  ұлттық  бірегейлікті  сақтап  қалу  «Жібек  жолы 
мәдениеті» жобасының басты мақсатына айналуы керек.  
 Бүгінгі  таңда көпшілік «Жаңа жібек жолының экономикалық белбеуі» 
атты  жаңа  жоба  туралы  құлағдар.  Бірақ  2  мың  жыл  бұрың  бұл  бағытпен 
керуендер жүрген болса, қазіргі таңда  – пойыздар,  автокөліктер жүреді, әуе 
жолы мен құбырлар өтеді. Құрлық пен теңіз арқылы олар Азия, Еуропа және 
Африка елдерін байланыстырады, жолдың өне бойында еркін сауда аймақтары 
құрылады.  Қазақстан  осы  жолдардың  қиылысында  орналасқандықтан, 
ыңғайлы транзит аймағы болып қана қоймай, өз өнімдерін шығарады. 
Бұл  өткеннің  ұлы  жетістігін,  одан  да  зор  болашақ  жетістік  құру  үшін 
пайдалануға болатын жағдай.
 
Ұлы Жібек жолы идеясын қайта жаңғыртудың экономикалық негіздері 
салынды,  дегенмен  жалпы  экономиканың  өсуіне  ықпалын  тигізетін,  мәдени 
алмасуға  жағдай  жасау  да  осы  саланың  маңызды  компоненттерінің  біріне 
жатады. Сол себепті 
қазақстандықтарды кең қамту арқылы мәдени алмасуға 
арналған іс шаралар өткізу маңызды.  


80 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет