Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық
даму институты» КеАҚ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске
асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-
шаралар жоспары бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Нұр-Сұлтан, 2020
2
Жеңімпаздарды көтермелей отырып оқушылардың
қатысуымен телевизиялық зияткерлік хабарлар
ұйымдастыру бойынша
ҰСЫНЫМ
Өзектілік. Қазіргі қоғамда теледидар бұқаралық ақпарат құралдары
жүйесіндегі жетекші орындардың біріне ие болып, адам өмірінде үлкен рөл
атқарады. Теледидардың балалар мен жасөспірімдерге әсері өте зор, олардың
фильмдердің және телебағдарламалардың кейіпкерлеріне еліктеуге ұмтылысы
туындайды. Отандық телеарналарда жеңімпаздары марапаттай отырып жаңа
зияткерлік бағдарламаның ұйымдастырылуы жасөспірімдердің өз ой-өрісінің
кеңейтуінің ынталандыруы болады.
Телевизиялық зияткерлік бағдарлама еліміздің барлық аймақтарының
жас таланттарын біріктіруі тиіс. Қатысушылар алдағы уақытта өздерін
телевизиялық форматта көрсету мақсатында өңірлік деңгейдегі іріктеуден өтуі
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |