Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет144/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Күтілетін нәтижелер
- түркологиядағы үздік тәжірибемен алмасу;  
-  халықаралық  ғылыми  қауымдастық  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы 
аясында Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар болады»;  
- жастар арасында патриоттық сезімді арттыру;  
- елдің туристік тартымдылығы артады. 
Көрсеткіштер:  
-  қатысушылар саны-100 кем емес. 
-  баяндама саны – 20 кем емес. 
 
 
 
Барлық білім беру ұйымдары мен еңбек 
ұжымдарында «Қазақстанның киелі географиясы» 
арнайы жобасы шеңберінде виртуалды экскурсиялар 
ұйымдастыру бойынша ұсынымдар 
 
 
Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  мәдениет  саласында  екі 
ауқымды  бағдарлама  жүзеге  асырылуда:  «Қасиетті  Қазақстан»  жобасы  және 
Қазақстан Республикасының музей  қорының мемлекеттік каталогын шығару. 
Бірінші  жоба  –  бұл  әлемде  тендесі  жоқ  мәдениет  мұрасының  ғимараттарын 


100 
 
және  100-ден  астам    объектіні    цифрлық    форматқа  айналдыру,  екіншісі  – 
Қазақстан  Республикасының  музей    қорын  сандық  форматқа  айналдыруды 
көздейтін ауқымды жоба. 
Мәдениет  саласында  цифрландыру  бойынша  ауқымды  әдіснамалық 
жұмыстар  жүргізілді.  Атап  айтқанда,  мәдени  мұраны  қисынсыз  цифрлау 
процесінен  қорғауға  мүмкіндік  беретін  халықаралық  стандарттар  негізінде 
мәдени мұра нысандарын цифрлау әдістемесі әзірленді. 
Сонымен қатар, мәдени мұра нысандарын цифрлаудың Ұлттық жоспары 
әзірленді. 
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі базасында «Музей қорының 
мемлекеттік  каталогы»  және  «Киелі  Қазақстанның  виртуалды  турлары» 
пилоттық  жобасы  іске  қосылды.  Сонымен,  «Мемлекеттік  каталог»  жүйесі 
пайдаланушыларға ҚР музей қорының кез келген экспонатының 3D үлгілеріне 
тез арада қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
«Виртуалды  турлар»  жүйесінің  арқасында  кез  келген  адам  онлайн 
режимде  «Киелі  Қазақстан»  тізіміне  кіретін  объектілердікөруге  мүмкіндігі 
бар. 
Сонымен  қатар,  республикалық  музейлерде  музей    артефактілерін 
цифрлау  жұмыстары  жүзеге  асырылуда.  Ә.  Қастеев  атындағы  Мемлекеттік 
өнер музейінің жалпы музей қоры 24 813 бірлікті құрайды, оның 13 700 бірлігі 
немесе 55,2%-ы цифрландырылды.  
2018  жылы  алғаш  рет  «Жалпыұлттық  маңызы  бар  Қазақстанның  киелі 
нысандары» тізіміне енген Қазақстанның 12 сәулет ескерткіші 3D форматында 
цифрланған  (Қ.А.  Яссауи,  Қарахан,  Жошы  хан,  Алаша  хан,  Бекет  ата 
кесенелері,  Бөкей  орда  кешені,  Абай,  Шәкәрім,  Қорқыт  ата  мемориалдық 
кешендері,  Қарасай-Ағынтай,  Баба  Түкті  Әзиз,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев, 
Арыстанбаб кесенелері). 
2018  жылы  әлеуметтік  желілерде  киелі  орындарды  жариялау  және 
кеңінен  насихаттау  мақсатында  90  бейнеролик,  2019  жылы  ұзақтығы  40 
секунд  болатынтағы  30  мобильдік  форматтағы  бейнеролик  қазақ,  ағылшын 
және орыс тілдерінде таратылды. 
Сонымен  қатар,  «Қазақстанның  киелігеографиясы»  арнайы  жобасы 
бойынша  халықтың  барлық  әлеуметтік  және  жас  топтары  және  де  әртүрлі 
ұйымдар толық қамтылмаған. 
Көптеген  азаматтарға  уақыттың  және  қаржының  тапшылығы 
Қазақстанның киелі жерлеріне баруға мүмкіндік бермейді. Алайда, заманауи 
техникалық мүмкіндіктер осы объектілерді виртуалды режимде көруге және 
өз елі туралы білімін арттыруға мүмкіндік береді, сонымен бірге ішкі туризмді 
дамытуға серпіліс береді. 
Әлемдік  қоғамдастықта  жаһандық  ақпараттандыру  үрдістерін  ескере 
отырып,  отандық  мәдениеттің  жетістіктерін  интернет-ресурстар  арқылы  кең 
тарату мүмкіндігін пайдалану қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет