Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет23/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Күтілетін нәтижелер
- мәдени-білім беру мекемелеріне келушілер санын арттыру;  
-  жас  ұрпақтар  арасында  мәдени-білім  беру  мекемелеріне  үнемі  бару 
дәстүрлерін қалыптастыру; 
-  театр,  кітапхана  және  музейлерге  баруды  оқушылардың  білім  беру 
үрдісінің бір бөлігі ретінде қалыптастыру; 
- Қазақстан халқының мәдени, рухани даму деңгейін арттыру. 
 
 
Қазақстан мультипликаторларының республикалық 
фестивалін өткізу бойынша ұсынымдар 
 
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Қазақстанның 
өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық 
фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем 
картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керектігі айтылған. Сондай-
ақ

ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы 
балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет екендігін 
атап өтті.  
Ал, ұлттық анимация – ұрпақ тәрбиелеудегі, ұлттық идеологияны 
тарату мен сіңірудегі маңызды құрал болып есептеледі. Сондықтан Қазақстан 
мультипликаторларының республикалық фестивалін өткізу ұсынылады. 
Дәстүрлі түрде анимациялық фестиваль өткізу – рухани жаңғыру және 
қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан да маңызды. Ұлттық анимациялық 
фильмдер арқылы ертегілерді, ұлттық мәдениетті жаңғыртуға болады және 
өскелең ұрпақ ұлттық құндылықтар аясында тәрбие алады. Сондай-ақ, жас 
аниматорларға қолдау көрсетіліп, ұлттық анимация бағытында жаңа 
туындылар өмірге келеді.  
Мақсаты: еліміздегі анимация саласынын дамытып, отандық 
мультипликаторлардың туындыларының көптеп көрсетілуіне, жарыққа 
шығуына мүмкіндіктер жасау.  
Міндеттері: 
–  отандық  анимация  арқылы  ұлттық  мәдениетті  шет  елдерге  таныту, 
құндылықтарды экспорттау; 
–  жас  мультипликаторларға  мемлекеттік  қолдау  көрсету,  олардың 
танымалдылығын арттыру;  


16 
 
–  жас  ұрпақтың  тәрбиесіне  әсер  ететін  ұлттық  анимациялық 
мультфильмдер мен фильмдер санын көбейту;  
–  фольклорлық  өнерді  және  әдеби  туындаларды  анимация  арқылы 
жаңғырту; 
–  ұлттық  анимациялық  жанрды  дамыту  арқылы  жастардың  бойында 
патриоттық рухты сіңіру; 
–  мультипликаторлардың және заманауи  технологиялардың көмегімен 
ұлттық бірегейлікті насихаттау; 
–  анимациялық  фильмдер  арқылы  өскелең  ұрпаққа  салт-дәстүрлерді, 
ертегілерінің  басты  кейіпкерлерін,  тарихи  оқиғаларды  таныту,  саналарына 
сіңіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет