Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет4/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Іске асыру механизмі: 
Дебат  турнирлері  алдымен  аудандық,  облыстық,  республикалық 
деңгейде  өтеді.  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  ұстанымдары  мен 
құндылық бағыттарын талқылауға мынадай тақырыптар ұсынамыз: 

 
«Тарихты білу тәуелсіздік ұрпақтарына парыз»; 

 
«Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»; 

 
«Үш тілде білім беру – болашаққа даңғыл жол ашады»; 

 
«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру маңызды»; 

 
«Мектеп,  кәсіптік-техникалық  оқу  орындарына  салт-дәстүр,  ұлттық 
спорт түрлеріне қатысты арнайы пәндер енгізу керек» 

 
«Жастар  гуманитарлық,  экономикалық  мамандықтардан  гөрі 
техникалық мамандық таңдағаны жөн»; 

 
«Ұлттың болашағы жарқын болу үшін бәсекеге қабілетті болу шарт»; 

 
«Әрбір қуанышқа той өткізу қажет пе?»; 

 
«Салт-дәстүрсіз еліміздің болашағы бұлыңғыр»; 

 
«Еліміз эволюциялық дамуға қаншалықты дайын». 
 
Оқушы/студенттер дебатының арнайы құрылымы, ережесі бар, тақырып 
аясы  мен  уақыты  шектеулі.  Мектеп  оқушылары,  кәсіптік-техникалық  және 
жоғары  оқу  орындары  студенттері  арасында  Карл  Поппер  дебатының 
үлгісінде өткізу ұсынылады. 
1. Сабақтарда  пікірсайыс  әдістемесін  түрлендіре  пайдалану  жастарды 
ізденуге, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. 
2. Өзіндік  ой-пікірін  жүйелі,  дәйекті  айта  білуге,  мәдениетті  сөйлеуге 
баулиды. 
3. Шығармашылық қабілеті шыңдалады, шұғыл шешім қабылдай білуге 
үйренеді, кітапханамен байланысы нығаяды. 
4. Сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарға мән бере отырып, шешен 
сөйлеуге, шешендік өнерді үйренуге машықтанады. 
Дебат  ойындарында  кейсті  дұрыс  құру  өзіндік  роль  атқарады.  Керекті 
кейсті  құрарда  нақты  кезеңдерді  есте  ұстауы  шарт.  Бұл  жерде  топтың 
ұстанатын көзқарасы басты назарда болады. Топ көзқарасы – қарарды зерттеу 
кезінде  пайда  болған  білімнің,  дәлелдердің,  ақпараттардың  жиынтығы. 
Сонымен жақтау кейсін құрудың бес кезеңі: 

 
ой жүгірту арқылы алғашқы дәйектерді анықтау; 



 

 
негізгі пікірлерді қолдайтын дәлел іздеу; 

 
дұрыс түсіну үшін алғашқы дәйектерді жетілдіру; 

 
кейс жазу; 

 
кейсті әсірелеу. 
Саяси элементтері бар Карл Поппер ойынының ережесіне келсек, оның 
ерекшелігі – кейстің құрылымында. Жақтау тобы жоспарын таныстыруы және 
қорғауы  керек,  сол  жобадан  шыққан  пайдалы  нәтижені  анықтауы  керек. 
Даттау тобы жақтау тобы ұсынған жобаға даттау жасайды, яғни жоспарынан 
келетін шығын мен зиянның салдарын көрсету керек.  
Ал  дебаттағы  даттау  тобының  өте  жақсы  терістеуі  жақтау  тобының 
логикасы мен құрылымына сәйкес құрылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет