Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


«Саябақтар шеруі» және «Таза су» табиғатты қорғау



Pdf көрінісі
бет47/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

 
«Саябақтар шеруі» және «Таза су» табиғатты қорғау 
акцияларын өткізу бойынша ұсынымдар 
 
Су  ресурстарын  тиімді  пайдалану  әлем  елдерін  алаңдатып 
отырған  маңызды  проблемалардың  бірі.Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Су  – 
стратегиялық  ресурс.  Ол  мемлекеттің  тұрақты  дамуы  үшін  маңызды»  деген 
болатын.  БҰҰ-ның  мәліметі  бойынша  әлемде  2  млрд.  адам  су  тапшылығын 
көріп  отыр.  2019  жылдың  маусым  айында  өткен  «Су  ресурстарын  тиімді 
басқару»  мәселесіне  арналған  семинарда  халықаралық  сарапшы  Анатолий 
Крутов Қазақстандағы 67 ірі су көзінің ластанғанын мәлімдеді. Сарапшының 
айтуы бойынша соңғы 10 жылда  Орталық Азиядағы өзен суларының ластану 
деңгейі  өскен.  Экологияның  тепе-теңдігі  мен  халықтың  жағдайы  үшін  таза 
судың маңызы өте жоғары.  
Сондықтан,  өзен-сулардың  тазалығана  халық  болып  атсалысу, 
оқушылар  мен  жастарды  суды  үнемді  пайдалануға,  судың  адам  өміріндегі 


32 
 
маңызын  түсінуге  үйрету  керек.  Әрбір  адам  «Судың  да  сұрауы»  бар  деген 
ұстанымды түсініп, табиғаттың байлықтарына жанашырлықпен қарауы тиіс. 
Табиғаты ерекше аймақтарды, саны азайып бара жатқан жануарлар мен 
өсімдіктер дүниесін қорғау мәселесіне бағытталған «Парктер шеруі» акциясы 
елімізде 1996 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Мемлекеттік 
табиғи  қорықтар,  ұлттық  парктер  мен  саябақтарды  ұлттық  мұра  ретінде 
қастерлеуге шақырады.  
Бұл  акцияларды  ұйымдастырудың  өзектілігі  жергілікті  тұрғындар  мен 
мемлекеттің  алдына  табиғаттың  проблемаларын  көрсетіп,  экологиялық 
сауаттылығын көтерумен айқындалады. 
Мақсаты:  жергілікті  тұрғындарды,  мектеп  оқушыларын,  туристерді 
табиғатты  қорғау  жұмыстарына  араластыру  арқылы  оларды  табиғатты 
қорғауға,  қайта  қалпына  келтірілмейтін  табиғи  ресурстарды  үнемді 
пайдалануға шақырып, экологиялық мәдениет қалыптастыру.  
Міндеттері: 
–  экологиялық мәдениет қалыптастыру; 
–  ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, халықтың бойына отансүйгіштік, 
патриотизм, табиғатқа жанашырлықпен қарау қасиеттерін сіңіру; 
–  аймақтағы  өзен-суларды  жаппай  қоқыстан  тазарту  арқылы,  судың 
пайдасын, адам өміріндегі маңызын түсіндіру; 
–  жастарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру; 
–  халық  пен  жастарды  волонтерлыққа,  азаматтық  белсенділікке 
шақыру; 
–  Қазақстанның  бай  табиғатын,  туризмді  дамытудағы  әлеуетін 
насихаттау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет